Аккузова айнур абдыжалиловна


шыбын жаны шырқырап жолға шыққанын өзі де білмей қалған



Pdf көрінісі
бет99/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

шыбын жаны шырқырап жолға шыққанын өзі де білмей қалған 
жоқ па?
 Енді не істейді, қолдан келер шара қайсы? 
Ұлының шырқырап қалған 
үні құлағынан кетер ме, сол дауыс жатса-тұрса маза беріп, көмейінен ас 
өткізіп, кірпігін айқастырар ма?
(«Сүйекші»).
 
Баяндауда сұраулы 
құрылымдарды қолданудағы негізгі мақсат, бір жағынан, оқырманның ішкі 
сезімдеріне әсер ету болса, екінші жағынан, автордың сол оқиғаға деген өз 
көзқарасын таныту. Берілген мысалда автор оқиғаны жай баяндап қана қоймай, 
ондағы баласынан тірідей айырылып бара жатқан анаға деген аяушылық сезімін 
қоса білдіріп отыр.
Неге? Неге?
Себебі қайсы? Бірін-бірінсіз тұра алмайды екен деген 
адамдар қайда? Қайда қане, солар? Әлде менің өмір жолымда ондайлар 
кездеспеді ме? 
Неге?
 Әлде бірін-бірінсіз тұра алмайтын адамдар адам ойының 
ғана жемісі ме? Пәленше өлді екен деп біреудің қоса өлгенін неге көрмедім? 
Сонда олардың бәрінің қабірге бірге түсер достарының болмағаны ғой. Адам 
тек өзіне ғана қадірлі болған-ау... Мені кім іздейді, мен кімге қадірлімін? 
Ол кенет есін қайта жиып, басын ширақ ұстауға тырысты. «
Бұл не? 
Көз алдымнан мұнартқаны несі? Әлде кәрілік пе? Адам бойына кәрілік 
осылай енетін шығар?
Иә, иә, солай. Кәріліктің жан серігі – уайым болар. 
Ендігі қалған өмір осылай өтпек пе? Тек осылай? Еш өзгерісі болмақ емес 
пе
? («Қарғын»).
 
Келтірілген мысалдардың бәрі де мәтінде бірнеше сұраулы сөйлемдер 
бірінен соң бірі қолданылған кезде монологтық сөйлеудің эмоционалдылығы
экспрессивтілігі анағұрлым артатынын байқатады. Экспрессивті сұрақтар 
адамның сөйлеу кезіндегі эмоционалды жағдайынан туындайды. Кейіпкердің 
ішкі жай-күйі, толқынысы, қорқынышы, біреуді жек көруі, күмәні, реніші т.б. 
сезімдері оның санасындағы сұрақтардан айқын аңғарылады.
Көркем мәтін авторы туындыны оқырманға неғұрлым дәл, түсінікті етіп 
жеткізуде түрлі амал-тәсілдерді мақсатты түрде қолданатыны зерттеу 
барысында дәлелденді. Автор шығарманы оқырман толық түсінуі үшін не 
ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіру үшін оқиғаның басты сипаттарын 
бастапқы абзацтарда-ақ білдіріп қояды. Мәселен, «Сүйекші» повесіндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет