Аксиология философиясы және этика


Мәдениет – қоғам болмысының формасы



бет15/31
Дата13.12.2021
өлшемі137,46 Kb.
#125419
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Аксиология философиясы ж не этика

Мәдениет – қоғам болмысының формасы

Ежелгі грек философиясында алғаш рет белгілі бір үлгі бойынша тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру үшін мінез-құлық мәдениеті деген түсінік пайда болады. Мәдениет латын тілінен аударғанда «тәрбиелеу, дамыту, білім беру» деген мағынаға ие. Яғни, біреуді (бірдеңені) құрметтеуді білдіреді.

Мәдениет - кең мағынасында адам өмірін ұйымдастыру мен дамытудың тәсілі және оның нәтижелері ретінде анықталады. Демек, кең мағынада бұл термин табиғилық түсінігіне қарама-қарсы қоғамдық түсінігінің синонимі ретінде қолданылады.

Мәдениет ұғымын б.з. д. б. 45 жылы көп өлшемді қоғамдық құбылысты белгілеу үшін Цицерон енгізді. «Мәдениет» ұғымы тарихи тұрғыдан дамыды. Алдымен ол адамның табиғатты игеруін егін егу, қолөнер өнер, сондай-ақ тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің деңгейін білдірді. Мәдениеттің алғашқы ғылыми анықтамасын 1871 ж. Э. Тайлор берді.

Қазіргі ғылыми әдебиеттерде мәдениеттің қоғам болмысының формасы екенін айқындайтын әрі әртүрлі түсінігін, ұғымын және зерделеуін білдіретін көптеген анықтамалары бар. Мәдениет теориясын төмендегідей топтастыруға болады:

1. Э. Тейлор тұжырымдамасы бойынша сипаттама анықтамалары мәдениетті барлық қызмет түрлерінің, практикалар мен нәтижелердің жиынтығы ретінде қарастырады.

2. Тарихи анықтамалар мәдениет тарихи даму мен әлеуметтік құндылықтың нәтижесі болып табылатынын атап көрсетеді.

3. Нормативтік анықтамалар: мәдениет – бұл өмір салты ретінде индивидтің әлеуметтік орта арқылы анықталатын әлеуметтік нормалар арасындағы байланыс болып табылады.

4. Құнды анықтамалар: мәдениет-бұл адамдардың материалдық, әлеуметтік, рухани топтарының құндылықтар жиынтығы, олардың институттары, мінез-құлық үлгілері болып саналады.

5. Психологиялық анықтамалар: мәдениет-бұл адамдардың табиғи ортаға және экономикалық қажеттіліктерге ерекше бейімделуі болып табылады.

6. Оқыту теориясының анықтамасы: мәдениет-бұл адамның биологиялық тұрғыда (инстинкт) ретінде қалыптасқан қасиеті емес, мінез-құлықты дамыту арқылы жеткен жетістігі болып саналады.

7. Құрылымдық (институционалдық) анықтамалар ұйымның маңыздылығын мойындайды. Мұнда мәдениет әлеуметтік институттар құрайтын негізгі қажеттіліктер айналасында ұйымдастырылған материалдық және материалдық емес мәдени белгілер жүйесін білдіреді.

8. Идеологиялық анықтамалар: мәдениет-бұл индивидтен индивидке бағытталған ерекше әрекеттер ,сөздер немесе іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын идеялар ағыны десек болады.

9. Символдық анықтамалар: мәдениет – бұл символдарды қолданудан тұратын немесе осыған байланысты әртүрлі феномендерді, материалдық заттар, әрекеттер, идеялар, сезімдерді қалыптастыру қабілеті.

10. Іскерлік түсінігі бойынша: мәдениет–бұл табиғат пен қоғамды қайта құру мақсатында адамдардың шығармашылық жасампаз қызметі, нәтижесі арқылы материалдық және мәдени құндылықтарды құрудың, сақтаудың және тұтынудың нақты тарихи жүйесі қалыптастырылады.

Аталған анықтамалардың әрбір тобы мәдениеттің қандай да бір маңызды белгілерін білдіреді. Мәдениет адамдардың мінез-құлқының және қоғам қызметінің нәтижесі болып табылады. Мәдениет тарихи, идеяларды, құндылықтар мен модельдерді қамтиды әрі, әлеуметтік тұрғыдан зерделенеді. Яғни, мәдениет –қоғам болмысының маңызды формасы болып табылады.

Мәдениет-мағыналар мен мәндердің аясы, мағыналар мен мәндердің көмегімен қоғамдық болмысты анықтайтын маңызды мәнге ие кеңістікке айналады. Мәдениеттің жаңғыртылуы рухани өмір сүрудің, яғни ақыл-ой, сезім, ар-ұят көмегімен өмір сүрудің, әдемі бейнелерді, символдарды жасаудың, құндылықтарды, жақсылық пен зұлымдық туралы түсініктерді тұжырымдаудың қалыптасуымен байланысты болып табылады. Мәдениет өзегі материалдық емес, рухани мәнге ие болып табылады.

Мәдениетте шығармашылық тұлғаның субъективті әлемі де, мәдени құндылықтардың объективті әлемі де бейнеленеді.

Мәдениет жеке тұлғаны дамытумен қатар, оның дамуына шектеу қояды. Бұл шектеулер тек әлеуметке ғана емес, табиғатқа да қатысты болады. Мәдени тыйымдар қоғамға зиян келтіретін және деструктивті қарсы іс-қимыл элементтерінен қорғайды. Бірақ табиғат күшін басқару әрекеттерінде мәдени шектеулердің болмауы да қауіпті. Мәдениет адамның шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру тәсілі ретінде адамның өмір сүру ортасы және қоғамның мәдени дамуының маңызды негізі ретінде табиғат құндылығын түсінуді қамтиды.

Адам мен қоғамның өмір сүруі мәдениеттен тыс бола алмайды. Әрбір жаңа ұрпақ өз өмірін табиғатты танудан ғана емес, сонымен қатар алдыңғы ұрпақ қалыптастырған материалдық идеялық құндылықтар әлемімен танысудан бастайды. Қабілеттер, білім, адами сезімдер, іскерліктер жаңа ұрпаққа тектілік арқылы ғана мұра болып берілмейді – олар қалыптасқан мәдениетті меңгеру барысында меңгеріледі Мәдениет-алдыңғы ұрпақ қалыптастырған материалдық және рухани құндылықтарды пассивті сақтау емес, оларды адамзаттың өз өмірін жақсарту үшін белсенді шығармашылық ретінде қолдану болып табылады.

Адамның қызметі, ол қандай қызмет түрлеріне жатсада, материалдық немесе рухани құндылықтарға бөлінеді. Бұл қызмет салалары бір-бірінен оларды жүзеге асыру тәсілі бойынша, нәтижелері бойынша, қоғамдық мақсаты бойынша ерекшеленеді. Материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығын құрастыру, сондай-ақ оларды құру тәсілдерін, оларды адамның дамуы үшін пайдалана білу мен ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үдерісін мәдениет жүзеге асырады.

Материалдық және рухани мәдениеттің айырмашылығын атап өтсек:

Материалдық мәдениетке ең алдымен өндіріс құралдары және қоғамдық болмыстың қалыптасуына қажетті еңбек заттары жатады. Материалдық мәдениет ұғымы адамға қызмет ететін заттар мен процестердің кең ауқымын қамтиды. Материалдық мәдениет адамның табиғатты тәжірибелік меңгеруінің көрсеткіші болып табылады.

Рухани мәдениетке ғылым және оның өндіріс пен тұрмыстық жетістіктерінің дәрежесі, халықтың білім деңгейі, медициналық қызмет көрсету, өнер, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқының адамгершілік нормалары, ойлау логикасы және тіл байлығы, адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктері мен мүдделерінің даму деңгейі жатады. Дін рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Рухани мәдениет өзін «заттық» түрде көрсетеді: кітаптар, суреттер, кино, сәулет құрылыстары, мүсін және т. б. Осының барлығы қазіргі ұрпақпен бірге өмір сүреді және мәдениет болып табылады.

Мәдениет философиялық категория, қоғамдық болмыстың формасы ретінде адамзаттың материалдық және рухани барлық жетістіктерін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет