Жатыр түтігінің бірқатарлы кірпікшелі эпителийі.
Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителий (однослойный многорядный призматический реснитчатый эпителий); (лат. epithelium pseudostratificatum)
— тыныс жолдары (мұрын қуысы, аңқа, көмекей, кеңірдек, өкпе бронхтары), ең қосымшасы мен жұмыртқа жолы (жатыр түтігі) кілегейлі қабықтарын астарлайды. Бірқабатты көпқатарлы призма тәрізді кірпікшелі эпителийдің эпителиоциттері негіздік жарғақта бір қабатта орналасады.
Бірақ, эпителий үлпасын пішіні, құрылысы және қызметі әртүрлі эпителиоциттер қүрайды. Бұлар негізінен төрт түрлі болады. Оларға:
кірпікшелі эпителиоцитер,
ендірме эпителиоциттер (діңгекгі, орынбасу жасушалары),
құты (бокал) тәрізді эпителиоциттер (бірклеткалы без),
базальды эпителиоциттер (эндокриноциттер) жатады.
Бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий ұлпасының маманданған негізгі жасушалары — пішіні цилиндр тәрізді биік, апикальды бөлігі жуандау, базальды бөлігі жіңішкелеу болып келетін.
Достарыңызбен бөлісу: |