Аксолотльдің бауыр жасушалары: Боялуы: гематоксилин және эозин



бет13/22
Дата16.02.2022
өлшемі9,66 Mb.
#132003
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
гиста препараты 115 (1)

Ядро мен ядрошық- хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды.Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді. Ядрошық-- домалақ келген тығыз денешік, оның мөлшері 1—2 мкм-ден 10 мкм-ге дейін және одан да көбірек шамаға өзгеруі мүмкін. Ядрошықтың кұрамына РНҚ және белок енеді, РНҚ-синтезі жүреді. Клетка бөлінген кезде ол жойылып кетеді. Ядрошықта 70% цитоплазмалық РНҚ және 30% ядролық РНҚ синтезделеді.
Цитоплазма-. плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның ядросын қоршап жатқан қоймалжың зат. Ол -динамикалық күрделі, көп қосымшалы жасуша жүйесі, жасушаның метоболизмдік жұмысшы аппараты, онда негізгі метаболизмдік процестер жүреді. Цитоплазмада цитоплазма, органеллалар және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады. Цитоплазма негізін гиалоплазма түзетіндіктен, құрамы әр текті боладыЦитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар.
Цитоплазманың басты қасиеттерінің бірі - үнемі қозғалыста болуында. Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады. Айналмалы қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді. Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы органоидтар да қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет