1 тапсырма. Келесі денелердің қасында деформация түрлерін жазындар:
Ермексаз – пластикалық деформация,
Сорғыш- серпімді деформация,
Серіппе-серпімді деформация,
Глина –пластикалық.
2 тапсырма. Деформация түрлерін жазындар:
Жұпта жұмыс. Мұғалім келесі сұрақты қояды:
Дене ұзарғанда оның ішінде қандай күш пайда болады?
Сыныппен осы сұрақты талқылау бойынша оқушылармен сабақ тақырыбын және мақсаттарын қою.
Cерпімділік күші.ppt
Сабақтың ортасы
30 минут
Оқушылар өткен сабақтағы толтырып бастаған шаблон-картамен жұмысты жалғастырады. Шаблон картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім тағы бір рет түсіндіріп кетеді.
«Менің ойым» бағанасын толтырылған. «Кітаптің ойы» бағанасы жартылай өткен сабақта толтырылды, сондықтан оқушылар осы бағананың екінші бөлігін оқулық бойынша толтырады.
3 тапсырма. Жұпта жұмыс. §26,27 кітапта ашып, оқушылар жұпта талқылап қызыл дөңгелекпен көрсетілген бөлікті толтырады.
Сыныппен жұмыс. Оқушылар шаблондармен ауысып, бір-бірінің жазғанын тексеріп, толтырады. Бір-бірден шығып дұрыс жауаптарын презентацияға жазады. Сыныппен бірге талқылау.
Жұпта жұмыс .Үшінші бағананы толтыру. «Қолдану» бөлігін оқушылар жұпта талқылап толтырады. Деформация түрлеріне мысал жазады.
Екі жұп топқа бірігіп бірін-бірі тексереді.
4 тапсырма. Мұғалім оқушыларға сұрақтарды қояды. Оқушылар жұпта талқылап жауап береді.
Дене ұзарғанда және сығыл,анда оның бөлшектерінің арасында қашықтық қалай өзгереді? (созылуда-артады, сығылуда-азаяды)
Осы екі жағдайдағы молекулалар арасындағы күш қалай өзгереді? (Екі жағдайда да осы күштер өседі, бірақ сығылуда- тебілу күш, ал созылуда – тартылыс күші)
Ұзаруда резенке жіптің ұзындығы қалай өзгереді? (ұлғаяды)
Поролон сығылғанда оның биіктігімен не болады? (кемиді)
Серпімді деформациядан кейін дененің бастапқы пішінді не келтіреді? (күш)
Қандай күш? (бөлшектердің әсерлесу күші)
Мұғалім оқушылардың жауаптарын керек кезде толтырады.
Мұғалімнің түсіндіруі. Мұғалім оқушыларға қатандық коэффициентінің графигін түсіндіріп кетеді. Оқушылармен бірге бірінші коэффициентін анықтайды.
k1=F/∆x=10 Н/см
k2=10 Н/см
Қандай қорытынды жасауға болады?
Fупр1/х1= Fупр2/х2= Fупр3/х3=k
k-қатандық коэффициенті (осы серіппеге тұрақты).
Жеке жұмыс. Қалған екеуін оқушылар өздері жасайды. k=5 Н/см
Тапсырманы орындап бітіргеннен соң оқушылар төрт адамнан топқа жиналады да бірін-бірі тексереді.