Сабақ түрі: Жаңа сабақ. Әдіс тәсілдері: Баяндау, сұрақ жауап, сурет салу



Дата29.03.2018
өлшемі36.29 Kb.
түріСабақ
Бейнелеу өнері 5 – сынып
Тақырып: Перспектива. Сызықтық көрініс
Мақсаты Перспектива заңдылықтарына сүйене отырып сурет салу
Білімділік Перспектива турала түсінік беру
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу.
Көрнекілігі Плакаттағы суреттер. Тақтада салу жолдарын көрсету, электронды оқулықтар, слайд, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Сызу
Құрал – жабдықтар: Альбом, қарындаштар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Сәлемдесу, оқушыларды тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Бекіту.
5. Сурет салу.
6. Қорытындылау, бағалау.
7. Үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақты баяндау
Айналадағы қоршаған ортадағы заттар мен бұйымдарды мұқият бақылаған әрбір адам заттардың бізден қашықтаған сайын кішірейе түсетінін жақсы біледі. Сурет салғанда алыстан көрінген заттарды жақындағымен салыстырғанда кішірейтіп көрсету ғана маңызды емес, сонымен қатар ол қағаз бетінде үлкен де, кіші де болмауы керек. Міне осындай кейбір қызғылықты жағдайларға перспектива ұғымы толық мағлұмат береді.

Жалпы перспектива латынның "Perspicio" қазақша "арғы - бергі жақты айқын көру" деген ұғымды білдіреді. Ертеде итальян және неміс суретшілері өз туындыларында перспективалық заңдылықтарды қарастырған. Мысалы, Леонарда Да Винчи, Паоло Учелло, Альбрехт Дюрер т. б. Соның ішінде перспектива заңдылығын зерттеуге кезінде неміс суретшісі Альбрехт Дюрер зор үлес қосқан. Перспектива заңдылықтарын бейнелеу өнерінің барлық сабақ түрінде кездестіруге болады. Перспектива - сызықтық, ауа және жарық пен көлеңке перспективасы болып бірнеше топқа бөлінеді. Қай суретті салсақ та ең алдымен көкжиек сызығын немесе көру деңгейін анықтауымыз қажет.

Сонымен, көру деңгейі - суретшінің көз деңгейін білдіретін ойша алынған жазықтық. Сызықтық перспективада бақылаушыдан қашықтаған сайын заттардың бөлшектері мен сызықтары кішірейе беріп көкжиек сызығында бір нүктеге яғни шығу нүктесінде барып қосылады. Шығу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жақындаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір - біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтығы бір - біріне жақындай түседі. Көрушіден алыстаған сайын тіке сызықтардың ара қашықтық өлшемдері кішірейе түседі. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар керісінше жоғарыдан төменге қарай бағытталады, бәрі көкжиек сызығындағы шығу нүктесінде түйіседі. Сызықтық перспективада фронтальдық және бұрыштық болып екіге бөлінеді.

Фронтальдық перспективада заттың бір жағы ғана толық көрінеді де, қалған беті көрінбейді. Ал, бұрыштық перспективада бақылаушыға заттың бір бұрышы мен екі немесе үш бұрышы толық көрінеді. Ауа перспективасында көрушіге жақын орналасқан заттардың түстері ашық, айқын, ал алыстағының түстері солғын түрінде қабылданады. Суретшіге жақын орналасқан заттар түрі айқын, алыстағылар бұлыңғыр, яғни шамалы көрінеді. Ауа перспективасындағы бейнеленген көркем шығарманы 3 кезеңге бөліп қарауға болады.

Мысалы: алдыңғы қатар, ортаңғы қатар және артқы қатар деген ұғымдар пайдаланылады. Жарық пен көлеңке перспективасында - заттар жарық көзінен қашықтаған кезде оның жарық беті көмескі ал, көлеңке беті солғын болып көрінеді. Жарық көзінен алыста тұрған зат бетінің жарығы өз деңгейінен артық бейнеленеді. Ауа перспективасында жарық пен көлеңкенің қарама қайшылығы, заттың көлемдігі, түстік бояуы сурет салушыдан қашықтаған сайын күрт өзгеріп отырады. Мұның басты ерекшелігі ауа райына байланысты, ауа мөлдір емес, шаң - тозаң, ылғал, тұманданып бұлдыр көрінеді. Сонымен қатар бейнеленетін заттар мен суретшінің көз арасында ойша алынған тіке бағыттағы жазықтық болады. Оны картина жазықтығы немесе сурет салу жазықтығы деп аталады. Перспектива заңдылығы бойынша сурет салғанда шартты кеңістік модуліне сүйенген дұрыс. Сонда ғана сауатты сурет салып, шынайы көркем шығарма беруге болады.
Сызықтық перспективаның заңдылықтары

Белгілі бір бұрышпен көкжиек сызығына қарай бағытталған параллель сызықтар бір нүктеге барып қосылады. Параллель сызықтардың қосу нүктесі әр уақытта көкжиек сызығында жатады. Көкжиек сызығына жуықтаған сайын параллель сызықтардың ара қашықтығы бір – біріне жақын түседі. Мысалы, телеграф бағаналарының көкжиек сызығынан төмен орналасқан сызықтары төменнен жоғары қарай бағытталса, көкжиек сызығынан жоғары орналасқан сызықтар жоғарыдан төмен қарай бағытталады, бәрі көкжиек сызығынды түйіседі.
Каталог: uploads -> doc -> 11b2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11b2 -> Астана қаласы №29 орта мектебінің 2014-2015 оқу жылының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды-есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет