Аксонометриялық бұрыштарды таңдаудың техникалық суреттің көрнекіліктеріне байланысы
«Аксонометрия» - грек сөзі, «осьтербойыншаөлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерд ісалғанда өлшемдерді x, y және z осьтері бойына өлшеп саламыз.
Аксонометриялық проекцияларды салуға жаттығу – сызбаларды оқи білуді үйренуге және нәрсенің пішіні мен машиналардың тетіктері туралы кеңістіктік түсініктерді дамыта түсуге көмектеседі.
Стандарт пенсызбаларда пайдаланылатын аксонометриялық проекциялардың әртүрлі көріністерін тағайындайды
Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсенің сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тікбұрышты және қиғаш бұрышты проекциялар деп екіге бөлінеді.
«Диметрия» - грек сөзі, «екіөлшем» деген мағынаны білдіреді.
Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені координата осьтерімен бірге жазықтыққа перпендикуляр сәулелер мен проекцияласақ, онда тағы бір проекцияны аламыз.
Ол тікбұрышты изометриялық проекция деп аталады. «Изометрия» - грек сөзі, «теңөлшемдер» деген мағынаны білдіреді.
Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық
проекцияны жалпылама аксонометриялық проекция
деген ортақ атаумен атайды.
Изометриялық проекцияны салу кезінде x, y, z осьтері бойына және оларға параллель етіп, тетіктің нақты өлшемдерін саламыз. Тор көзд іқағазға y осінің 45 градус көлбеулігін сызу үшін осьті тор көздердің диагональдары бойымен жүргіземіз. x, y осьтерін 30 градус бұрыш жасай жүргізу үшін 3 және 5 тор көз ұзындықтағы кесінділердің қатынасын орындау керек.
Бекіту сұрақтары:
-Аксонометриялық проекцияның қандай айырмашылықтары бар?
- Аксонометрияны салу кезінде осьтер қандай бұрыштар жасап орналастырады?
-Фронталь диметриялық проекцияда сызбаны орындау кезінде аксонометриялық осьтер бойымен қандай өлшемдерді салады?
Достарыңызбен бөлісу: |