1.Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі
2. Географиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы.
3.Ол б.з.д. 2-ғасырда «Руководство по географий» атты еңбегінде географиялық карта құрастырумен қатар, жер бетіндегі ірі дүние бөліктеріне арналған 26 карта және 1 дүниежүзілік карта құрастырды.
4. Сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы.
5. ол орта ғасырларда картографиялық өнімдерін құрастырды.
6.Ескі теңіздік карталар, XIV-XVI ғасырлар.
7. Географиялық карталарды құрастыру, жасау, өңдеу және басып шығару тәсілдерін және олардың мазмұндық мәселелерін зерттейтін ғылым.
8. Аймақтың жазықтықта шартты кішірейтілген, Жердің сфероидтығынсыз құрылған суреті сипатталады.
9. Карта мен жоспар бойынша қисық сызықтар арқылы қашыктықты аныктауға арналған құрал.
10. Қазіргі кезде көбінесе карта жасау және құрастыру ... орындалады.
11. Өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының, тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы.
12. Бұйымдарды, негізінен алғанда машиналар, ғимараттар, мен олардың бөлшектерін әзірлеу үшін олардың қажетті өлшемдері, масштабтары, құрамын көрсетіп, сызбалап бейнелеу.
13. Қазақстан картографиясына осы ғалымның еңбектері өте құнды болып табылады.
14. Aлымы бірге тең, бөлімі картада жергілікті жер сызығының ұзындығы қанша ретке кішірейгенін көрсететін бөлшек түріндегі масштаб.
15. Нысандар мен құбылыстардың орналасу сипатымен, оқшаулануымен ерекшеленетін фигураларды, сызаттауды, бояуды пайдалану қағидалары.
16.Фигуралардың формалары мен көлемі, сызаттаудың сүреті және түстер.
17. Шартты түрде бастапқыда қабылданған меридиан жазығында берілген нүктеде меридиан жазықтығымен құрылған екі қырлы бұрыштың сызықтық бұрышы аталады.
18. Экватордағы жазықтықтан берілген нүктедегі тік сызықпен жасалған бұрыш аталады.
19. Жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы.
20.Жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым.
21. Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.
22. . Туризммен тікелей байланыстағы жол және автожол карталарын ол арнайы карталарға жатқызып, «Навигациялық карталар» тармағына енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |