Террорлық акттісін жасау қаупі төнген кезде іс-қимылдарын және терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық
Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу, мемлекеттік
органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету және басқа
да террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа
қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.
Терроризм актісі - терроризм мақсатына жету жолында
адамдардың қаза болу қаупіне әкелетіндей өз бетінше
қастандық, жарылыс жасау, өрт қою, елеулі зиян келтіру немесе
қоғамға қауіпті зардаптар туындататын өзге де іс-әрекеттер
жасау немесе жасаймын деп қорқыту.
Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген кездегі
адамдардың атқаратын іс-әрекеті
Жарылғыш құрылғысын орнату мүмкіндігін көрсететін
белгілер:
- көлікте, кіреберісте, ірі супермаркетте және т.б. жердегі
белгісіз, иесіз орама немесе қандай да бір күдікті зат;
- тартылған сым, бау;
- машинаның астына ілінетін сымдар, оқшаулағыш таспа;
- қалдырылған сөмке, рюкзак, қорап.
Жарылыс қаупі бар заттарды (қолдан жасалған жарылғыш
құрылғы, граната, снаряд және т.б.) немесе күдікті иесіз
затты байқаған жағдайда, оған кездейсоқ адамдардың
жақындауына және өз бетінше залалсыздандыруға мүмкіндік
берместен, дереу полицияға хабарлау керек.