Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет69/140
Дата19.05.2020
өлшемі1,88 Mb.
#69558
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   140
Байланысты:
дефектолог

      Keywords:      teacher, therapist, social, self, society 


54 
 
  
Адамды  тұтастықта  тұлға  деп  тану  қоғамды  жаңаша  құруға  мүмкіндік  береді.  Өзін-өзі 
үздіксіз  дамытып,  өз  әрекетін  өзі  дұрыс  бағалай  алатын  тұлғалар  ғана  бәсекелестікке  қабілетті 
қоғамда өз тиесілі орнын таба алады. 
«Тұлға  —  өз-өзіне  тұтас  дүниемен  өзара  қатынастарын  үнемі  баяндайтын  және  ойдағы 
әңгімелесушімен  барысында  өзін-өзі  анықтайтын,  кіналайтын,  қорғайтын,  өзін-өзі  жетілдіріп, 
өзгертетін  адам.  Тұлға  –  дербес  әрекет  ететін  субъект  ретіндегі  нақты  жеке  адам  болмысының 
қайталанбас ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету 
әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны 
жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады». 
Ежелгі  заманнан-ақ  еңбек  бөлінісі  болмаған  уақытта  қауымның  барлық  мүшелері,  оның 
ішінде  балалар  мен  ересектер  өз  тамақтарын  табу  мақсатында  бірдей  әрекет  етті,  бұның  өзі  сол 
кезде  өмір  сүрудің  негізгі  мақсаты  болды.  Жинақталған  тәжірибені  атадан  балаға  беру  еңбек  іс-
әрекетіне  әкеліп  тірелді.  Балалар  жас  күнінен  іс-әрекет  тәсілдері  туралы  білімдерге,  іскерліктер 
мен дағдыларға үйренді. Содан кейін еңбек құралдарының жүзеге асырылуына байланысты еңбек 
іс-әрекетіне  үлкен  адамдар  мен  науқастар  қатыспады.  Олардың  міндеттері  отбасын  қорғаушы 
және  балаларға  қарады.  Кейіннен,  бірталай  уақыттан  кейін  арнайы  еңбек  дағдылары  мен 
іскерліктеріне  үйренген  кезде  қауымның  ақсақалдары,  өте  көрнекті  адамдар  адамдардың  ең 
алғашқы  әлеуметтік  тобын  –  тәрбиешілерді  дүниеге  әкелді.  Олар  тәжірибені  ұрпақтан  ұрпаққа 
беріп,  болашақ  ұрпақтың  рухани  дамуын  қамтамасыз  етіп,  оларды  адамгершілікке,  өмірге 
даярлады. Міне, осының негізінде тәрбие іс-әрекет сферасына және адамның  санасына айналды. 
Педагогикалық  кәсіптің  пайда  болуы  объективті  негізге  ие.  Егер  жас  ұрпақ  атадан  тарап 
келе 
жатқан 
шығармашылықты 
пайдаланбағанда 
қоғам 
әрі 
қарай 
дами 
алмас 
еді. «Тәрбиеші» деген  сөздің  этимологиясы  да  қызық.  Қазіргі  сөздіктерде  тәрбиеші  біреудің 
тәрбиесімен айналысатын және оның дамуы мен өмір жағдайларына жауап беретін адам ретінде 
қаралады.  «Мұғалім»  сөзі  кештеу  пайда  болған  сияқты,  себебі  белгілі  бір  білім  мен  іскерлікті 
игеруге бағытталған адамдардың арнайы іс-әрекетін ұйымдастыру қажет болды. Бұндай іс-әрекет 
оқыту деген түсінікке ие болды. 
ХХғ  басында  атақтынеміс  педагогы  П.Шуман  былай  деп  жазған  екен  ;  баланың 
психологиялық  дамуы  неғұрлым  төмен  баса,  соғырлым  мұгалімнің  білім  денгейіжоғары  болуы 
керек.Педагогика  тарихында  Германия  ең  алғаш  рет  жалпы  білім  беретін  мектептерде,  білім 
беретін  мұғалемдерді  кәсіби  дайындау  курсын  ашты.  Дәл  осы  тұстарда,  яғни  еуропада  тұңғыш 
мұғалімдер  семинариясы,  сонымен  қатар  Берменнің  саңырау  балаларға  арналған  мектебіне 
мұғалімдер  даярлау  курсы  ашылды.Ресейде  1898  жылы  педагог  –  дефектологтарды  дайындау 
курсы  Санкт-Петербургте  басталды.  Дмаытуында  ауытқулар  кездесетін  балаларға  дәріс  беретін 
мұғалімдерді арнаулы мамандандырылған даярлыққа арналған курс ашпас бұрын ғасырлар бойы 
дәрігерлер,  лингвисттер,  дінқызметкерлерінен  құралған  практикалық  –  педагогикалық  қызмет 
атқарылды. Қазігі таңда көптеген жоғары оқу орындары педагог- деффектологтар мен психологтар 
мамандырылған дайындық курсын өткізу бағдарламаларын ұсынуда. 
 Сонымен  АҚШ-та  230-дан  астам  бағдарламаға  есептелген  мұғалімдерді  даярлау,  қайта 
даярлау,  кәсіби  есептелігін  атрттыру  ұлттық  жүесі  жұмыс  атқарады.  Университеттерде  батыс 
европвлық жүйе бойынша  жалпы  білім  беретін  мектептерде дәріс  беретін мұғалімдерге арнаулы 
педагогика  пәнінен  курстар  жүргізіледі  курс  саны  ең  кем  дегенде  100-120  с  құрауы  керек.ХХғ 
аяғына  таман  Ресейдің  педагогиқалық  университеттерінде  логопедия  және  алгофренопедогогика 
мамандықтарының  бағдарламаларын  дайындаған  30  га  жуық  білімшілер  факультет  ,  кафедралар 
құрылды.  Сонымен  қатар  Ресейде  арнаулы  білім  беру  жүйесі  бойынша  200  мыңнан  астам 
педагогтар, (соның ішінде 10%- ы ғана педагог мамандығы бар) қызметатқарады. 
Педагогтың  жеке  тұлғасына  қойылатын  кәсіби  талаптар  жиынтығы  педагогикалық  іс-
әрекетке кәсіби  даярлық ретінде  анықталады.  Оның  құрамында  бір  жағынан  психологиялық, 
психофизиологиялық,  дене  даярлығы  болса,  екінші  жағынан  ғылыми-теориялық,  практикалық 
жан-жақтылықты атауға болады. 
Кәсіби 
даярлық 
мазмұны 
педагогикалық 
білім 
беру 
мақсаты 
ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті 
көрсетіледі.  Қазіргі  кезде  педагог  –дефектологтың  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  төмендегіше   атап 
көрсетуге болады: 
-жалпы азаматтық сапа, 
-мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар, 


55 
 
-мамандық  немесе  пән  бойынша  арнайы  білім,  іскерлік,  дағды.    Психологтар 
профессиограмманы құрғанда педагогикалық 
қабілеттерге  тоқталуды  ұсынады.  В.А.Крутецкий  дидактикалық,  академиялық,  коммуникативті 
қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді. 
Жеке  тұлғаның  рухани  және  мәдени  қажеттіліктері  білімге  деген  қажеттіліктен  туады. 
Педагогикалық  өзіндік  білім  алудың  үздіксіздігі  –  кәсіби  дамудың  қажетті  жағдайы.  Танымдық 
қызығушылықтың  негізгі  факторларының  бірі  –  өз  пәніне  деген  қызығушылық.  Қазіргі  педагог 
ғылымның  әр  түрлі  саласынан  хабардар  болу  керек,  ол  өз  пәнін  жақсы  біліп,  әлеуметтік-
экономикалық,  өндірістік,  мәдени  міндеттерді  шешу  мүмкіндіктерін  білуі  керек.  Сонымен  қатар 
жаңа  зерттеулерді,  жаңалықтарды,  болжамдарды  біліп,  ғылымның  жақын  және  алыс 
перспективаларын білуі керек. 
 
Әдебиеттер: 
Л.И.Рувинский ред. Мамандыққа кіріспе. – А., 1990. 
Маркова А.К. Психология труда учителя. – М., 1993. 
Мудрик А.В. Учитель: Мастерство и вдохновение. – М., 1986. 
Основы педагогического мастерства / Под ред. И.А.Зязюна. – М., 1989. 
Профессиональная культура учителя / Под ред. В.А.Сластенина. – М., 1993. 
Основы педагогического мастерства / Под ред. И.А.Зязюна. – М., 1989. 
Е.В.Бандаревская, С.В.Кульневич / Педагогика. М.: Ростов н/Д., 1999. 
А.К.Гастев. Как надо работать. – М., 1998. 
В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандров. Педагогическое творчество. М., 1990. 
В.А.Сластенин. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогическихучебных заведений. М., 1997. 
В.А.Мижериков, М.Н.Ермоленко. Ввдение в педагогическую деятельность. М. 2002. 
  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет