МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ СӨЙЛЕУ ТІЛІ ЖАЛПЫ ДАМЫМАҒАН БАЛАЛАРДЫҢ CӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА Аңдатпа: Мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
эксперимент негізінде анықталып, сипатталған.Соған сәйкес 3,5-5 жас аралығындағы балалардың
сөйлеу тілінің даму көрсеткіштерін тексеру әдістемелері іріктеліп жасақталды. Тексеру
әдістемелері сөйлеу тілінің барлық компоненттерін, яғни грамматикалық, лексикалық, дыбыс
айту мен байланыстырып сөйлеу тілін анықтауға бағытталған. Мұнда сөйлеу тілінің жеке
компоненттеріне талдау жасалып, ортақ көрсеткіштер есептелініп шығарылды. Бұл ақпарат мектеп
жасына дейінгі сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға қолданылатын коррекциялық
технологияларды іріктеу үшін қажет. Іріктеу жұмысы болашақта коррекциялық технологиялардың
қолдану тиімділігін арттыру үшін де, мектепке дейінгі балаларда сөйлеу тілінің жалпы
дамымауын түзету үшін де маңызды. Ол балаларға кейінірек мектеп бағдарламасын сәтті игеруне
көмектеседі.