|
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
|
Акушерия және гинекология кафедрасы
|
Методикалық ұүсқаулар
|
Редакция: 1
|
беті беттің
|
Есеп № 1
Алғашқы босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде. Босанушы әйелді бақылау барысында ұрықтың жүрек соғуының 90-100 уд/мин дейін қысқаруы байқалды, ол кушенуден кейін теңестірілмейді. Вагинальды зерттеу кезінде ұрықтың басы жамбас қуысының тар бөлігінде, сагиттальды тігіс оң қиғаш мөлшерде, кіші еңбек алдыңғы жаққа қарайды.
Сұрақтар:
1.Диагнозды тұжырымдау:
Босану механизімінің екінші кезеңі.
Ұрықтың басы жамбас қуысының тар бөлігінде: яғни, жамбас сүйегімен бастың қысылуы---, бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы---, күшену кезінде жатырлық- плацентарлық қан айналымының бұзылысы. Нәтижесінде: ұрықтың жүрек соғуының 90-100 рет/мин дейін қысқаруы байқалып отыр.
2. Әрі қарай босанудың жоспары қандай:
-Босанудың екінші кезеңінде міндетті түрде жатыр жағдайын, оның төменгі сегментін, жатырдың жұмыр жалғамаларын, сыртқы жыныс мүшелерін, қынаптан бөліністерді бақылаған жөн.
-Жүктілік кезіндегі психопрофилактикалық дайындық әйелдер кеңесінде жүргізіледі.
- Толғақ кезінде ұрық басы өздігінен жылжу үшін терең тыныс алуды ұсынады. Бұл уақыттан ерте күшенуді ұсыну босану ісігінің ұлғайып, ұрықтың бассүйекішілік қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
-Ауырсынудың босану процесіне теріс әсерін ескере отырып, оны жансыздандыру көрсетіледі.
- Ұрықтың вульварлы сақина арқылы өтуі кезінде аралықтың жыртылуының және ұрық басының жарақаттануының алдын алу үшін қол көмегі көрсетіледі.
-Акушерлік көмек, ол төрт әрекеттен тұрады.
« Ұрық басының мезгілінен бұрын шалқаюының алдын алу
« Аралыққа түсетін қысымды азайту. Жамбас түбінің жұмсақ тіндерінің басқа түсіретін күшін азайту керек.
« Басты тудыру
« Ұрықтың иық белдеуін босату және денесін тудыру.
3. Ұрықтың брадикардиясы қандай тәсілмен анықталады:
- Ұрық аускультациясы;
- Ұрық жүйесіндегі қан айналысын допплерометриялық зерттеу. Бұл кезде қан тамырдағы қанның қозғалыс жылдамдығының абсолютті өлшемі емес, қан айналыс жылдамдығының систола мен диастолаға қатынасы маңызды болып табылады;
4. Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек соғу жылдамдығы:
Қалыпты жағдайда жүрек соғу жылдамдығы минутына-110-160 рет.
5. Жамбастың тар бөлігінің қалыпты мөлшерін сипаттаңыз:
Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы
— Алдынан – симфиздің төменгі жиегінен;
— бүйірінен – шонданай сүйектерінің қырларымен;
— артынан – сегізкөз-құйымшақ тігісімен шектелген.
Өлшемдері:
1. Тік өлшемі – сегізкөз-құйымшақ тігісінен симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан, 11-11,5 см. тең.
2. Көлденең өлшемі – шонданай сүйектері қырының арақашықтығымен өлшенеді, ол – 10,5 см.
Достарыңызбен бөлісу: |