Акушерия және Гинекология Наименование практики Акушерия және Гинекология Мамандығы 0302000 «Мейірбике ісі»


Эклампсия кезінде акушердің алгоритм әрекеті



бет5/5
Дата16.06.2020
өлшемі34,74 Kb.
#73608
1   2   3   4   5
Байланысты:
акушерия дневник

Эклампсия кезінде акушердің алгоритм әрекеті

Шақыру


-Акушер-гинекологты

-Анестезиологты

-Лаборантты

Науқасты сол жаққа қаратып жатқызу. Ұстап тұруымыз керек, бірақ зақым келетіндей белсенді ұстамаймыз.

Әйелдің жалпы жағдайын бақылау

-Қан қысымы

-Тамыр соғысы

-Тері беткейлерін

-Тыныс алу жиілігін

Шеткі тамырларды катетрлеу (16,18см)

-магний сульфаты 25-20,0мл 10-15 мин ішінде жіберу(алғашқы мөлшерлі дозасы)

-магний сульфаты 25-80,0мл, 320мл физ ерітіндіде көктамырға тамшылай, минутына 11 тамышы.

Оттегі берілуін қамтамасыз ету.

Ауыз кергіш,тіл ұстағыш, ауа өткізетін маска және Амбу апараты.

Реанимация бөліміне ауыстыру

Көктамырға магний сульфат ерітіндісін жіберілу күйінде




1.Преэклампсия-1

2.Эклампмия кезідегі шұғыл көмек көрсету-3









24.04

Босану бөлімі

«Қауіпсіз ана» бағдарламасы бойынша ажыраған бала жолдасы жатырдан шығару дағдысын үйрену

Қажетті құрал-жабдықтар: Фантом, бала жолдасы, қысқыш,лоток

Қадамдар:

1.Босанушы әйелдің оң жғында тұрады

2.Бала жолдасының ажырау белгілерін анықтаңыз

3. Қысқышты әйел жыныс саңылауына жақын етіп ұстаңыз, кіндік бауын тартып ұстайды.

4.Сол қолдың алақанының қырын қасаға үстіне қояды

5.Қысқыштан тартып, плацентаны тудырады

6.Плацентаны бұрап отрып ұрық қабаттарын тудырыңыз

7.Сол қолды түбіне қойып, жатыр тонусы тексеріледі

Нәресте жолдасын тексеру

Қажетті құрал-жабдықтар: бала жолдасы, қысқыш, үлкен лоток

Қадамдар:

1.Плацентаның аналық бетін жоғары қаратып лотокүстіне жайып қояды

2. Екі дәке тампонының көмегімен қан ұйықтарын алып тастайды

3.Плацента кемістігі бар-жоғын анықтау үшін барлық бөліктерінің жиектерін бір-біріне сәйкес плацента бетін мұқият қарап шағу

4.Плацента аналық бетімен төмен қаратып ұрықтық бетін жоғары қаратып қарап тексереді.

5.Ұрық қабаттарының жарылған жерін анықтады неғұрлым мол плацентаға жақын орналасса , соғүрлым плацента бекуін анықтайды.

6.Қарап тексеріп болғасын плацентаның салмағын,қалыңдығын диаметрін анықтайды. Барлық мәліметтерді босану тарихына жазады. Егер әйелде экстрагениталды немесе акушерлік патология анықталса бала жолдасы гистологиялық зерттуге жіберіледі.



1.Босану кезіндегі серіктес босанатын әйелге қолдау көрсетуге кеңес беру

2. Толғақты санау

3.Босандыру, нәрестені қабылдау үшін стол дайындау.

4.Нәресте жолдасын тексеру

5.Кеткен қанды өлшеу








25.04

Босанғаннан кейінгі бөлім

Босанған әйелді бала емізуге дайындау дағдысын үйренуге арналған құрал

Құрал-жабдықтар: Орамал,маска, дезинфекциялық ерітінділер

Қадамдар:

1.Орамал мен маска киеді

2.Қолды сабындап жуады

3.Сүт безін қолтық ойығынан бастап ағынды сумен жуып стерильді жаялықпен сүртеді. Сабындап тәулігіне бір рет қолданады. Сабанды көп қолдануда рудиментарлық

Монтгомери бездерін түзетін бөлінділер шайылып кетеді.

4.Қолдардың алақандарын сүт безіне қойып қолтық ойығына төске қарай сипайды.

5.Қолдың 1-2 саусақтарын терімен ареола шекарасын қойып, аздап сауып тастайды.

6.Әйелдің іш киімі мен қолын балаға тигізбей стерльді жаялық төсейді.

7.Емшекті қолмен көтеріп балаға тек емшек ұшын ғана емес оның айналасын кеңірек қамтып алығызады. Баланы бір реттік емізу уақыты 20-25 минуттан аспау керек және ему дыбыссыз болу тиіс.

8.Емшекте қалған сүтті мұқият сауып тастайды.


Динамикалық бақылау

1.Қан қысымын өлшеу, температураны, пульсті санау

2.Сүт безін тексеру

3.Жатырдың жиырылуын, лохиді анықтау










27.04

Босанғаннан кейінгі бөлім

Баланы емшекке салу дағдысын үйренуге арналған құрал

Құрал-жабдықтар: Орамал,маска, дезинфекциялық ерітінділер

Қадамдар:

1.Анасы бала емізер алдында өзіңе ыңғайлы жағдайда отырады. Төмен орындыққа отырып баласын орындыққа алып немесе өзі жатып баланы жанына жатқызып емізеді. Ыңғайлы болса баланы жастық үстіне жатқызуға болады. Акушер әйелдің жағында бір деңгейде отырады.

2.Акушер баланы дұрыс бетін анасының төсіне қаратып ұстауды көрсетеді. Бала басы денесімен бір деңгейде құрсағымен анасының төсіне қаратып ұстауды көрсетеді. Бала басы денесімен бір деңгейде құрсағымен анасының құрсағына қарап жатуы тиіс. Ему кезінде басын бұрып еңкеймеу үшін баланың денесін іш жағымен анасының кеудесіне қаратып ұстау керек.

3.Қажет болса баланы иығының артқы жағынан демеп ұстауға болады. Шүйдесінен ұстамайды. Бала басы артқа қарай жеңіл шалқаюы керек.

4.Анасы қолымен емшегіне көтеріп балаға тек емшек ұшын ғана емес оның айналасын кеңірек қамтып алғызады.емшек ұшын немесе ареоласын саусақпен қысып баланың ауызына тығуға болмайды.

5.Ұстау рефлексін ынталандыру үшін анасы емшек ұшын баланың үстіңгі ерініне жанастырады.

6.Бала емгісі келіп ауызын кеңірек ашқанша тосу қажет. Осыдан кейін баланы кеудеге жақындатып ұстау қажет

7.Баланы емшекке салуда оның иегі емшекке жанасып төменгі ерні сыртқа қайырылып тілі сүт қойнауының астында болуы тиіс. Бұл жағдайда емшек үшы бала аузының ортасынан сәл жоғары болады және ол таңдайды ынталандырады.


Динамикалық бақылау

1.Қан қысымын өлшеу, температураны, пульсті санау

2.Сүт безін тексеру

3.Жатырдың жиырылуын, лохиді анықтау










28.04

Гинекология бөлімі

Биопсия және алынған тіндерді гистологиялық зерттеу жатыр мойны қынап сыртқы жыныс мүшесіндегі паталогиялық процестерге сипаттама береді. Операцияға дайындық диагностикалық қыру операцияның дайындығымен бірдей. Асептика және антисептика ережелерін сақтау міндетті болып табылады

Қажетті құрал-жабдықтар:

1.Қасықшалы айналар

2.Резеңке қолғап

3.Лоток


4.Пинцет

5.Корнцанг

6.Мюзо (кюретка)-2

7.Скальпель

8.Конхотом

9.Формалин

10.Йоданат

11.Спиртті йод ерітіндісі

12.Спирт


Биопсия алуға қажетті құралдарды дайындау.







29.04

Гинекология бөлімі

Жатыр ішілік контрацепцияны босанған қабыну аурулармен ауырмаған ретті түрде жыныстық қатынасқа түсетін әйелдерге қолданған ең ықтимал. Жатыр ішілік контрацептивті қолдануға абсолютті қарсы көрсеткіштер:

-ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің қабыну процестері

-жатыр денесі мен жатыр мойны обыры

-Қан ағулар

-Жүктілік

Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер:

-қабыну процестері

-эндоцервицит

-кольпит


-жатыр миомасы және т.б.

Қажетті құрал-жабдықтар:

1.Қасықшалы айналар

2.Резеңке қолғап

3.Лоток

4. Пинцет

5. Корнцанг

6. Мюзо


7. Жатыр зонд

8. Қайшы


9. Спираль

10.Йоданат

11.Спиртті йод ертіндісі, Спирт

12.Мақта шариктері



Жатырға спиральді енгізуге құралдарды дайындау.







30.04

Гинекология бөлімі

Қынапқа бүрку (сприцевание) жүргізу.

1.Бүрку үшін сыйымдылығы 1,5-2 литр болатын саты аяқ ыдысы керек,оған сәл бүгілген шыны тығынды резеңке түтік жалғасқан.

2.Әйелді гинекологиялық креслоға жатқызып аяқтарын тізе және жамбас-сан буындарында бүккен қалпында ыдысының үстінде бүркуді жасайды.

3.Тығынды қайнату арқылы зарарсыздандыру

4.Кружканы және түтікті ыстық су ағынында жуады

5. Сапты аяқ ыдысындағы сұйықтық температурасын су термометрі арқылы тексереді, оның кішкене мөлшерін түтіктен ағызады.сыртқы жыныс мүшесін сумен жуып қыныпқа 8-10 см тереңдікте тығынды кіргізеді.

6.Сапты аяқ ыдысы науқастың жамбас деңгейінен 0,5-1 метр биіктікте орналасады.

Ішкі жныс мүшесіне әсер ету қажеттігінде ыстық бүркуді және қынап қабырғаларына әсер ету немесе қынаптан патологиялық бөлідіні жуу үшін бүркуді қолданады.


Сыртқы жыныс мүшелерін жуу

Қажетті құралдарды дайындау









02.05

Гинекология бөлімі

Қынапты емдік тығындыларымен емдеу.

Емдеуде қолданылады: стрептоцид, синтомицин эмульсиялары, вишневский, метилурациллин, итмұрын,бурген майлары қолданылады.

1.Тампондар мақтадан жасалады оны дәке тіліндісімен айқастырып байлайды.

2.Тампонды алып тастау үшін бір басын ұзындау етіп қалдырады.

3.Тампонды дәрілік қоспаға молдап батырып қынап айнасын кіргізгеннен кейін пинцетпен оны қыныпқа салады.

4.Алдын-ала патологиялық бөліндіні жуу үшін қынапты бүрку немесе қынып булаушасы арқылы тазалайды

5. Қынапқа тампон 12-24 сағатқа салынады, науқастың өзі дәке тіліндісінен тартып сыртқа шығарады.


Қынапқа емдік тығындар енгізу

Қажетті құралдарды дайындау








04.05

Гинекология бөлімі

Функционалды диагностика тесті

Базальды температураны өлшеу-қалыпты жағдайда тік ішектегі температура екі фазалы.

1 фазада-37 С төмен

2 фазада -37 С жоғары, овуляциядан кейін сары гормоны прогестерон әсірінен көтерілу болады.

*Көз қарашығы белгісі-циклдің 8-9 күнінен бастап жатыр мойынының өзегі кеңейеді және овуляция кезінде әйнек шыны тәрізді мөлдір шырышқа толады.

Бағалау: (-)теріс, (+)оң, (++++) ерекше оң

*Папоротник белгісі: жатыр мойны өзгінен алып кептірілген шырыш папаротник жапыраұтарына ұқсайды.

*Шырышты созылу белгісі: овулияция кезінде жатыр мойны шырышының созылғыштығы 12 см-ге дейін жетеді.


Функционалды диагностика тесті








Студенттің қолы

Подпись студента ________________

Тікелей жетекшінің колы ________________

Подпись непосредственного руководителя

«__04__» __Мамыр____2020 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет