Апгар шкаласы бойынша жаңа туған нәрестені бағалау. Жылулық тізбегі.
Жаңа туылған сәбиді бағалау Апггар шкаласы бойынша жүргізіледі. Туғаннан кейін 1 және 5 минутта Апгар шкаласы арқылы бағалауды жүргізеді. Апгар шкаласы ең маңызды бес клиникалық белгі бойынша жүргізіледі:
1. Тері қабатының түсі.
2. Бұлшықет тонусы.
3. Тыныс алу.
4. Жүрек қағысы.
5. Рефлекторлы қозғыштығы.
Бұл әр белгі үш балдық жүйе бойынша бағаланады 0, 1, 2. Апгар шкаласы бойынша баланың жаңдайын туылған соң бір минуттан кейін бағалайды, сосын бес мин соң тағыда қайталап бақылайды. Нәресте жағдайының көрсеткіштері 8-10 бал болса,баланың жағдайы жақсы болып саналады, 6- 7 болса- қанағаттанарлық,6 дан төмен болса- ауыр болып саналады.
Апгар шкаласы
Достарыңызбен бөлісу: |