Акушерия және гинекологиядағы мейіргер процессінің кезендері


Сүт безі жағынан болатын асқынулар



бет29/30
Дата25.01.2022
өлшемі98,74 Kb.
#114619
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Лекция акушерия

Сүт безі жағынан болатын асқынулар:

Лактостаз — сүт безінде сүттің тұрып қалуы. Бұл кезде сүт безі ісініп, ауырсынады, тығыздалу ошақтары пайда болады, қысқа уақытты дене температурасының жоғарылауы болады. Жеке өзі лактостаз ауру болып саналмайды, тек уақытында сүтті сауып алу, сұйықтық қабылдауды шектеу, ауырсынатын омыраумен баланы жиі емізуді қажет етеді. Егер оған инфекция қосылса, ол лактациялық маститке айналады. Ол кезде шұғыл түрде медициналық көмек және антибиотикотерапия мен қажетінше операция керек. Омыраумен емізу туралы шешім аурудың сатысына байланысты индивидуальды түрде шешіледі.
Тағы бір асқыну емізікшелерде жарылудың болуы. Басты себебі баланы омырауға дұрыс салмау, яғни бала бүкіл ареола емес, тек емізікшені ғана қамтиды. Бұлай емізу ана үшін ауырсынулы болып табылады, бұл қауіптің басты сигналы. Бала емізу анаға ауырсыну шақырмауы қажет. Сүт без емізікшелерін жара жазатын дәрілермен емдеу қажет.
Гипогалактия — сүттің толық емес түзілуі. Сүтті түзілуін жоғарылату үшін ана баласын жиі емізуі қажет, түнгі емізулерді жібермеу қажет және бір емізген кезде екі омырауын да беру қажет. Ана сұйықтық көп пайдаланып, дұрыс тамақтанып, жақсы ұйықтауы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет