Босанудан кейінгі кезең — жанұя үшін маңызды және жауапкершілікті кезең. Бұл кезең 8-9 аптаға созылады. ( ұрық жолдасы туғаннан бастап, барлық ағзалар мен мүшелер өз қалпына келетін кезең). Жатыр іші қалпына келген кезде босанудан кейінгі бөліністер бөлінеді — лохия, жарадан бөлінетін секрет болып табылады. Босанудан кейінгі кезеңде уақыт өте лохия құрамы өзгеріп тұрады: алғашқы күндері ол қан тәрізді болады, ал төртінші күннен бастап қоңыр – қызыл түске ауысады, ал оныншы күні ол сұйық, ашық түске ауысады және қан жолақтарынсыз болады, ал үш аптадан соң мүлде болмайды. Әйелде жатыр жиырылуына байланысты жағымсыз сезімдер болуы мүмкін. Дискомфортты азайту үшін, алдыға еңкейіп, ішке массаж жасау қажет. Егер жағымсыз сезімдер бала емізген кезде болса, тиімді басқа жағдай табыңыз, бір қырына жатып емізуіңізге болады. Іштің ауруы басқа себептен де болуы мүмкін, пресс бұлшықеттерінің ауырсынуынан болады, ол үшін босаңсып жатып, жеңіл массаж жасауыңызға болады.
Қалыпты босанудан кейінгі кезең әйелдің қалыпты жағдайымен, дене температурасының қалыпты болуы және жеткілікті лактация арқылы көрінеді. Инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін қатаң түрде санитарлы – эпидемиологиялық ережелерді сақтап, жеке бас гигиенасын орындау қажет.