Сіздің диагнозыңыз:
*Эндометрит.
Есеп.
Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б.
Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды.
ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді.
Достарыңызбен бөлісу: |