Акушерлік қан кетулер. Жедел көмек көрсету. Мәселенің маңыздылығы


Қан кету кенеттен, ауырсынусыз, қайталамалы, мөлшері әр түрлі. Қан кетудің мөлшері плацентаның жатыр қабырғасынан ажыраған көлеміне байланысты. Қан кету сыртқы, ал қызыл түсті



бет5/19
Дата12.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#129256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
акуш кров ОМ каз
Screenshot 4, ББЦТ Жайшылык Акжол СРСП-9, Лекция \'1, Химия СРСП рк2

Қан кету кенеттен, ауырсынусыз, қайталамалы, мөлшері әр түрлі. Қан кетудің мөлшері плацентаның жатыр қабырғасынан ажыраған көлеміне байланысты. Қан кету сыртқы, ал қызыл түсті.

Диагностикасы: - шағымдары - анамнез - сыртқы акушерлік зерттеу (ЖТБ жүктіліктің мерзіміне сәйкес емес, ұрықтың дұрыс емес орналасуы, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің биік орналасуы) - қынап пен жатыр мойның айнамен қарау - қынаптық зерттеу тек қана стационарда дайын операция бөлімінде, игерілген көк тамырмен жүргізіледі - УДЗ

Акушерлік тактика – қан кетудің көлеміне байланысты. Қан кету аз мөлшерде, әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ қалыпты, Нв көрсеткіштері қалыпты, күні жетпеген жүктілік – перзентханаға жатқызу; қатаң төсектік тәртіп; жатыр тонусын төмендететін препараттарды тағайындау (спазмолитиктер); анемияға қарсы терапия; ұрықтың жағдайын жақсартатын препараттар; ұрықтың сурфактантты жүйесін жетілдіретін препараттар (дексаметазон, бетаметазон).

Қан кету көп мөлшерде – жүктіліктің мерзіміне қарамай – шуғыл кесар тілігі. Placenta previa totalis кесар тілігі операциясына абсолютті көрсеткіш. Placenta previa pаrtialis кезінде егер босану қызметі басталып және жатыр мойнының ашылуы 5-6 см болса – амниотомия жасап, бақылау: қан кету тоқтаса – консервативті босануды жалғастыру; қан кету тоқтамаса – оперативті босандыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет