А) Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Геморрагиялық шок. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы.
B) Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Плацентаның жатуы. Геморрагиялық шок. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы.
C) Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы.
D) Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Жатырдың жыртыла бастауы. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы.
E) Жүктілік 38-39 апта. Преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Нәрестенің жедел құрсақішілік гипоксиясы.
20. Перзентханаға жүктілікиің 25-26 апта мерзіміндегі қайта жүкті әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік.
Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықталды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер.
Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр.
Сіздің жүктілікті жүргізудегі амалыңыз?
А) Жедел түрде кесар тілігі
B) Сақтаушы ем
C) Табиғи жолдар арқылы босандыру
D) Босануды қоздыру және босануды белсендіру
E) Жоспарлы түрдегі кесар тілігі
21.30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған.
Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?
А) Босағаннан кейінгі септикалық аурулар
B) Мерзімінен асып босану
C) Анемия
D) Бүйрек жетіспеушілігі
E) Преэклампсия
22. 27 жастағы А. деген жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасы, ауыр дәрежедегі преэклампсиямен, магнезиалды терапия қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақсыз, АҚ 180/110-130/100 мм сын бағ., мимикалық бұлшықеттердің аздап құрысуы байқалады.
Магнезиалды терапияны босанғаннан кейін қанша уақыт жалғастыру қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |