Диагноз: Жүктілік 31 апта. Жедел панкреатит.
Зерттеу:
ЖҚА (лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы)
Зәрде альфа амилаза ферменті (қалыпты жағдайда болмайды)
Копрограмма (қортылмаған май қосылыстарының көп болуы)
Ұйқы без ферменттерінің (липаза, трипсин, амилаза) мөлшерінің артуы
Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ (көлемінің ұлғаюы, бұлыңғыр және анық емес контурлар, іш қуысының эхогенділігінің жоғарылауы)
2.Жүргізу тактикасы.
Тактика: консервативті ем (спазмолитиктер, антисекреторлы терапия, инфузионды терапия, антиферметті терапия, антибактериальды терапия)
12. 37 апта мерзімінде қайта босанушы 28 жаста әйелдер консультациясының дәрігеріне төменгі іштің тартып ауырсынуына шағымданды. Анамнезінде төменгі жатыр сегментінде 3 кесар тілігі. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры қозған, босану әрекеті жоқ. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ырғақты минутына 140 соққыға дейін. Жатырдың болжамды тыртығының аймағында пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ. Бишоп шкаласы бойынша Жатыр мойны 6 ұпай.
Тапсырмалар:
1.Сіздің диагнозыңыз.
Диагноз: Жүктілік 37 апта. Жалған толғақтар. Кесар тілігінің 3 операциясынан кейінгі жатырдағы тыртық.
2.Аймақтандыру қағидасына сәйкес жүкті әйелді емдеуге жатқызу деңгейін анықтаңыз.
Жүкті әйелді 3 деңгейдегі босану үйіне госпитализациялау. Себебі науқаста жалған толғақтар, кесар тілігімен 3 операция.
13. Қайта босанушы 26 жаста, жүктілік мерзімі 32 апта болатын әйел консультациясының дәрігеріне әлсіздік шағымымен жүгінді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқ-қолдың қалыпты ісінуі. Дене температурасы 36,5°С, пульс 80 соққы/минутына, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. ұрықтың жүрек соғуы 145-148 соққы /мин, айқын, ырғақты. Жатыр қозған жоқ. Жыныс жолдарынан патологиялық бөлінділер жоқ. Жалпы қан анализінде гемоглобин 123 г/л. Бір реттік зәрде ақуыз 0,34 г / л.
Тапсырмалар:
1.Сіздің диагнозыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |