Ал қазақ даласында патша билігінің үшінші кезеңі деп саналатын «жаңа низам» ережесін ендіру алдында Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі деп жариялады



Дата06.02.2022
өлшемі15,37 Kb.
#81531
Байланысты:
казак калай 1


Романовтар династиясы билік еткен бүкіл Ресей патшалығының ғасырлар бойы жүргізіліп келген ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыт-бағдары отарланып алынған елдерді дінге шоқындыру арқылы орыстаңдыру саясаты және де оны жүзеге асырудың ең ұрымтал буыны отарланған бұратана елдердің ғасырлар бойы қолданып келе жатқан жазу таңбаларын, яғни алфавитін өзгерту, оны кириллицаға ауыстыру саясаты тым ертеректен басталғанын көреміз. Өйткені ескі жазуын өзгерту – олардың тарихи есінің сақталу дәстүрі мен тарихынан қол үздіру арқылы идеологиялық мәнгүртке айналдыру – отаршыл үкімет атаулының негізгі мақсаты болып табылатыны ортақ құбылыс. Бүкіл тарих тәжірибесі мұны айғақтап отыр. Қолда бар деректердің мәлімдеуінше, 1719 жылы бұл мәселе сенатта Еділ бойы қалмақтарына орай қаралып, мақұлданған болатын.
Ал қазақ даласында патша билігінің үшінші кезеңі деп саналатын «жаңа низам» ережесін ендіру алдында Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі деп жариялады. Қазақ елінің жерінде бір жағынан Қытай империясы, бір жағынан Ресей империясының шекарасы ресми түрде белгіленіп, картасы сызылып бекітілген соң, патша үкіметі бұрынғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Бұл, әрине, тамыры, түп төркіні арырақта жатқан дәстүрлі саясат болатын-ды.
Қазақстан жері түгел отарланып, халық бодандыққа ұшыраған соң, кең-байтақ қазақ даласын экономикалық және идеологиялық жағынан меңгеру мәселесін патша үкіметі күн тәртібіне қойды, Бұл үшін қазақ елін өз мүдделері тұрғысынан билеп-төстеудің саяси жаңа амалдарын алдын ала ойластырып, көп жылғы ғылыми зерттеулер мен «бейбітшілікті» бүркенген экспедициялар арқылы халықты билеудің жаңа жүйесі – территориялық принципке негізделген көп сатылы болыстық сайлау жүйесі ендірілді. Мұның өзі қазақ даласын бірыңғай билік жүргізу үшін үкімет арнаулы «дала комиссиясын» құрып, қазақ елін алдын ала жан-жақты зерттеп барып келген елеулі түрдегі саяси-әлеуметтік қорытыңдысы болатын-ды. Бұл мәселенің түбірлі зардабын қазақ интеллигенциясының алғашқы тобы, яғни өмірі мен шығармашылығы көп жылдар бойы ақтаңдаққа айналған ақын-жазушылар терең сезініп, қарсылық білдірген де еді. Патша өкіметі тұрғысынан жүргізіліп отырған орыстандыру мен шоқындырудың комплексті шараларын өз көзімен көрген Жүсіпбек Аймауытов: «...Қазақтың жерін тілгіліп, келімсек мұжықтарға аударып бере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға аулный школ, миссионерлер таратты, әдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға сайлау, штат деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды» (Қазақ әдебиеті, 1989. 20. 01), – деп көрсетуі арқылы-ақ халықтың мойнына түскен тауқыметтің түп төркінін дәл көрсетіп берді. Яғни, сезімтал жазушы қазақ елінің тағдырына қол салып, жабайыларды жабайылардың қолымен түншықтырудың ызғарлы лебі қайдан соғып тұрғанын саналы түрде біліп, сезіп отыр.
Әрине, бұл комплексті тұрғыдан қойылған саяси-әлеуметтік әрекеттерді жүзеге асырудың шешуші кілті Екінші Александр патшаның 1865 жылы 5 шілдедегі арнаулы раскриптінде жатыр. Өйткені ресми саяси құжат ретіндегі осы патша қолымен жазылған раскриптіге сүйене отырып екі нәрсеге айрықша назар аударылды. Оның бірі – қазақтардың бәрін бірыңғай билеп-төстеудің жаңаша жүйесін жасап, яғни «жаңа низам» деп аталатын ережені 1867 жылдан бастап өмірге нақтылы түрде ендіру мақсаты көзделді. Екіншіден, қазақтарды келешекте православие дініне ендірудің бар мүмкіндіктерін қарастыру арқылы көздеген орыстаңдыру саясатының түпкі мақсатына меңзейді.
Ал қазақ жері тұтас отарланып Қытай мен Ресей арасындағы шекаралық жік анықталып бекітілісімен-ақ қазақ жері мемлекет меншігі деп жарияланып, отарланған кең өлкеге орыс шаруаларын орнықтыра бастады. Өйткені патша өкіметінің отарлау саясатында сыннан өткен ең сенімді әдісі – орыс шаруаларын мүмкіндігінше көбірек қоныстандырудың айтарлықтай саяси мәні барлығын генерал-губернаторлардың бәрі де жақсы білген. Түркістан өлкесін арнайы тапсырмамен жыл жарым бойы аралаған ерекше істің чиновнигі, кейін Ресей империясының Ішкі істер министрі болған Л, Л. Половцев Жетісудың атақты генерал-губернаторы «Колпаковский қазақтарды орыстандырудың аса қажет екеңдігін алғаш рет анық түсінген еді», – деп арнайы түрде атап көрсетуі жай нәрсе болмаса керек-ті. Өйткені келешекте Түркістан өлкесін шоқындыру ісіне кадр даярлау үшін Ыстықкөл мен Николаевкада (Ташкент обл.) жергілікті ұлдары мен қыздарын жинап ерлер мен әйелдер монастырын ашқанда, генерал-майор Колпаковский бұл әрекетті қызу қолдап, ақшалай қаржы бөлетінін мәлімдеуі, қуаттап сөз сөйлеуі де белгілі мақсаттың диірменіне су құюдың өзі болып шығады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет