Al-Farabi Kazakh National University мрнти


Қазақстан Республикасының шағын және



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата24.11.2023
өлшемі476,22 Kb.
#193222
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының шағын және
орта бизнесті дамытуға шарттары мен перспективалары
Қазақстан Республикасының Үкіметі бизнесті қолдау және дамыту үшін айтарлықтай 
шараларды қолға алып отыр. Бизнес субъектілерінің заң жүзіндегі құқықтары мен мүдделері 
қорғалып, кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы нормативті-құқықтық база қалыптастырылды. 
Салықтық және кедендік заңнамаларды жақсарту бойынша, әкімшілік кедергілерді төмендету 
мен мемлекеттік сатып алу және кәсіпкерлікке қажетті инвестициялық жағдайды қалыптастыру 
бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Өкінішке орай, көптеген кәсіпкерлер бизнесті қолдау институттарының бар екендігінен 
құлағдар емес немесе олардың қызметін дұрыс пайдалана білмейді. Кәсіпкерлердің ақпаратты 
тиісті деңгейде меңгермеуі бизнестің әрі қарай дамуын тежейді әрі қолдау институттарына 
деген сенім деңгейін төмендетеді. 
Мақаланың басты мақсаттарының бірі ретінде Қазақстан Республикасында шағын және 
орта бизнесте орын алып отырған түйінді мәселелерді анықтау және қол жеткізілген нәтижелер 
негізінде кәсіпкерлік қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау болып отыр. 
Мақаланың міндеттері бизнесті жүргізу барысындағы кедергілерді анықтау және бизнесті 
қолдау институттарының тиімділігін зерттеу болып табылады. Институттар деп отырғандарымыз 
кәсіпкерлік қызметті қолдауға негізделген ұйымдар. Атап айтсақ, Кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы 
(КҰП), «Даму» - кәсіпкерлікті қолдау қоры, бизнес-инкубаторлар және тағы басқалар.
Анықталған факторлардың қорытындысы ретінде шағын және орта бизнесті қолдаудың 
аталмыш кезеңінде қолдау институттарының маңыздылығы орасан екендігін айтуға болады. 
Бизнес пен жауапты институттардың арасындағы ынтымақтастық алға қойылған мақсаттарға 
жетуге көп ықпалын тигізетін болады. Осылайша, кәсіпкерлік жақсырақ жағдайларға қол 
жеткізсе, мемлекет өз кезегінде бюджетке көбірек салық түсіре алады және маңызды деген 
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік алады. Қолдау институттарына деген 
сенімсіздік, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының аз болуы, мәдени-құлықтық кедергілер де 
қазіргі таңда мәселеге айналып отыр.
Түйін сөздер: 
шағын және орта бизнес, шағын және орта бизнесті дамыту, шағын және орта 
бизнес субъектілерін анықтау критерийлері, шағын және орта бизнес мәселелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет