Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген орны: Қалалық мәслихаттың мәжіліс залы
Өткізілген мерзімі: 2018 жылғы 24 мамыр, сағат 15.00
Төрағалық еткен: Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Қ. Ерназаров
Қатысқандар: (тізім бойынша)
КҮН ТӘРТІБІ
«Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы»
Хабарламашы: М. Қазбекова
|
-
|
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
|
ТЫҢДАЛДЫ:
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
М. Қазбекованың хабарламасы
(хабарлама қоса тігілді)
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М. Қазбекованың «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» хабарламасы назарға алынсын.
«Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларынын транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірі ескерілсін.
Қызылорда қаласындағы «Пионерский парк» саябағы Батырхан Шөкеновтің есімімен аталсын;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес мына төмендегі көшелерге атау беру және қайта атау мақұлдансын:
Қызылорда қаласы бойынша:
жобалық атауы «Сәулет-33» көшесі – Ыдырыс Қалиев;
жобалық атауы «Әбу Насыр Әл-Фараби-16» көшесі – Тұрымбет жырау;
«Қараша» көшесіне қиылысып орналасқан атаусыз көшеге – Айтмұрат Шәменов деген атаулар берілсін;
«Сыр сұлуы» көшесі – Бименді Баймаханов;
«Тұмарөткел» көшесі – Нұрмақ Тоқмырзаев;
«Қосасар» көшесі – Ұзақбай Құлымбетов;
«Бәйгеқұм» көшесі – Сыдық Кенесарыұлы көшесі деп қайта аталсын.
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті бойынша:
«Сарыарқа» көшесі – Елубай Қосжанов;
«Жобалау» көшесі – Серік Өтеуов;
«Сырдария» көшесі – Аманкелді Әбдібаев көшесі деп қайта аталсын;
Ж.Махамбетов көшесімен қиылысып, С.Майқанова көшесіне параллель орналасқан атаусыз көше – Талап Мұқышев деген атау берілсін.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына осы хаттама және ұсыныс хат жолдансын.
Осы хаттама жеті жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылсын және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (М. Қазбекова): Осы хаттамадан туындайтын тиісті жұмыстар мен шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Қаралған мәселелер бойынша хаттаманың жобасы дауысқа салынып, толығымен қабылданды.
Комиссия төрағасы Қ. Ерназаров
Достарыңызбен бөлісу: |