«алаш ісі» алаш партиясы. Алаш автономиясы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#188838
1   2   3
Байланысты:
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ

 
 
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 
Жұмабаев Мағжан (1893 – 1938) – Алаш қозғалысының 
қайраткері, ақын, қазақ əдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, 
педагог. Мұсылманша бастауыш білім алып, Уфа қаласындағы 
«Ғалия» медресесін бітірген. Омбы мұғалімдер семинариясында 
оқып жүрген кезінде «Бірлік» жастар ұйымының жұмысына 
белсене араласады. 1923 – 1927 жылдары Мəскеуде Жоғарғы 
əдебиет-көркемөнер институтында білім алады. Осы жылдары 
Д.Н. Мамин-Сибиряк, М. Горький, т.б. шығармаларын, В.И. 
Лениннің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударады. 1927 
жылдан бастап өзін педагогтік қызметке арнайды. М. Жұмабаев 
Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік 
Құрылтай 
жиналысына 
депутаттыққа 
кандидат 
ретінде 
ұсынылады

«Алаш» 
партиясының 
Ақмола 
облыстық 
комитетінің мүшесі болады. «Бостандық туы», «Ақ жол», 
«Шолпан» 
басылымдарының 
жұмысына 
араласады. 
М. 
Жұмабаев та жалған айыптың құрбаны болып тұтқындалады. 
10 
жылға бас бостандығынан айырылып, Карелияға жер аударылады. 
Бақытына орай, М. Горький мен оның əйелі Е. Пешковалардың ара 
түсуінің арқасында М.Жұмабаев бұл жолы НКВД-ның қатыгездігінен 
құтқарылады. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек етуге құлшынған, 
жер аударудан босатылған ақын үйіне қайтып оралады. Алайда 
бостандықта болу ұзаққа созылмады. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай 
жағылған жаламен қайта тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. 
 
 
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ 
Дулатов Міржақып (1885 – 1935) – Алаш қозғалысының 
қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам 
қайраткері. Педагогикалық курстарды бітірген соң ауыл 
мектебінде мұғалім болып істеген, орыс жəне батыс 
жазушыларының шығармашылығын өздігінше оқыпүйренген. 
М.Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы «Алаш» партиясымен 
жəне «Алашорда» үкіметімен тығыз байланысты. Ол «Алаш» 
партиясы мен «Алашорда» үкіметінің бағдарламалық құжат 
тарын дайындауға қатысты. А.Байтұр сыновпен бірге құқықтық 
мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет 
ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды. М. Дулатов өз 
əңгімелері мен өлеңдері жарияланып тұрған бұрынғы қазақ 
журналы «Айқаптың» жұмысына белсене араласты. 1917 – 1919 
жылдары «Қазақ» газетінің редакциясында, кейінірек «Ақ жол», 
«Еңбекші қазақ» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік 
университетінде ұстаздық етті. Саяси лирика шығармаларын 
жазған М. Дулатов Пушкин, Лермонтов, Шиллер шығармаларын 
қазақ тіліне аударумен де айналысты. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер 
жинағы үшін ақын бір жарым жылын түрмеде өткізді. 1928 жылы 
М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркінен айыруға үкім 
етілді. Екі жыл түрмеде отырып, соңынан Соловецк лагеріне жер 
аударылды. Сонда жүріп 1935 жылы 5 қазанда ауыр науқастан 
қайтыс болды. 
ƏЛІМХАН ЕРМЕКОВ 
Əлімхан Ермеков (1891 – 1970) – Алаш қозғалысының 
қайраткері, Алашорда үкіметінің мү шесі, математика ғылымдарынан тұң 
ғыш қазақ профессоры. Ол қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында 
дүниеге келген. Əлімхан алғашында Қар қара лыдағы училищеде оқып, 
1905 жылы Семей ерлер гимназиясына түседі де, 1912 жылы алтын 
медальмен бітіріп шығады. 
1921 жылы Томск технологиялық институтын 
тəмамдайды. Əлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі – Қазақ автономиясы 
шекарасының біртұтастығын жан қиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 
17 тамызда В.И.Лениннің төрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық 
комиссарлары Кеңесінің мəжілі сінде Қазақ автономиясы туралы мəселе 
қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы баяндама жасайды. Онда ол жер, Қа зақ 
станның шекарасы туралы мəселелерді ашық айтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық 
пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты
бұлтартпас дəлел дер мен қорғап шығады. Алаш жолындағы көпте ген саяси істерге 
қатысып, шың далған Əлімхан Қазақ автономиясын құруда өлшеусіз еңбек сіңірген. 
Сонымен қатар ол қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайту, 
халық ағарту, т.б. салаларда нақты істер атқарған. Қарқаралыда мектеп ашып, 
Ташкент, Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарында ма тематикадан дəріс 
берген. Сондай-ақ нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала – Халық 
шаруашылығын жоспарлау комитетінде жəне басқа да жауапты орындарда қызмет 
атқарған. Əлімхан Ермеков – қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет 
математика ғылымынан профессор атағына ие болған ғалым-ұстаз. Ол қазақ тілінде 
«Ұлы математика курсы» (1-бөлім, 1935) кітабын, өзінің ұстаздық тəжірибесі 
негізінде «Қазақ тілінің мате матика терминдері» (1936) атты түсіндірме сөздігін 
шы ғарған. Əлімхан Ермеков 1930 – 55 жылдар аралығында «ұлтшыл», «халық 
жауы» деген жаламен бірнеше рет сотталады. 20 жылдан астам өмірін түрмелер мен 
саяси қуғын- сүргінде өткізеді. Ақыры, 1957 жылы 26 қарашада ол толық ақталады. 
 

8


10 
11 
12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет