ХІХ ғасырдың аяқ кезі ХХ ғасырдың басында халықтың жағдайы күрт нашар лап , кедейшілік кең етек жая бастады . Отарлық езгіге қарсы ұлт азаттық қозғалыстар бой көтерді . Салықтар мен міндеткерліктер дің көбеюі , шұрайлы жерлерінің тартып алынуы қазақ ауылында ішкі шиелiнiстердiң өршуіне жеткізді . Патшаның 1905 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шегара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің « мәңгілік » най далануына берілді . Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бас тады . Моселен , бір ғана Семей облысының өзінде 100 мыңнан астам қазақ жерсіз қалып , Томск , Тобыл губернияларындагы орыс шаруаларынан , Сібір казактарының жерлерін жалға алып , пайдалануға мәжбүр болды . 1905-1907 жылдары елде социал - демократтар ұйымдары қү рыла бастады . Қоғамда петициялық қозғалыс етек алды . Отар шыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы жәрмеңкесінде жазылған пети ция болды . Ұлттық күресте қалыптасып келе жатқан ұлт зиялы лары қазақ халқының көшбасшыларына айналды . Жалпыұлттық демократиялық қозғалыстың басында Ә . Бөкейхан тұрды . Қазақ депутаттары Ресейдің Мемлекеттік Думасында қазақ қоғамындағы ең маңызды проблемаларды батыл котере білді . Қазақ халқының қоғамдық сана - сезімін арттыруға 1916 жылғы қаһарлы оқиғалар орасан зор ықпал етті . Соғыс жылдары жергі лікті патша әкімшілігінің автохтонды халыққа қатысты ұлттық қанаушылыгы мен озбырлығы күшейе түсті .