Алаш орданың жас буыны Қожанов Сұлтанбек Қожанұлы- Оңтүстік Қазақстан облысында (10.9.1894) дүниеге келген. Ол қазақ кеңестік қоғамдық-саяси және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, редактор. Біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күреске қатысушы. Жастар ұйымындағы саяси қызметін студент кезінде бастаған. 1917 жылы Ташкентте атақты тұлғалар М.Шоқай, Қ.Хожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге Түркістан автономиясын құруға қатысты. Оның өміріндегі маңызды оқиға – 1921 жылы 3 желтоқсанда өткен Бүкілресейлік Кеңестердің IX съезіне делегат болып қатысуы. Съезде тың ойлардан тұратын жалынды сөз сөйледі. Үзілісте В.И.Ленин оған кабинетіне шақырып: «Жарайсың, қызу қырғыз!» – деген сөзіне нағыз ыстық қазақ саған әлі жеткен жоқ, далада. Олар сізге қайтадан келеді деп жауап қатқан еді. С.Қожанов Қазақстанның астанасын таңдау, шекараны нығайту туралы өз ойын батыл айтып, бірнеше рет пікірталасқа қатысты. Бірақ қанша тырысқанымен Өзбекстан басшылары Ташкентті өздеріне қалдырды. Соған қарамастан, С.Қожановтың табандылығының арқасында Түркістан Республикасының құрамында құрылған Қазақ АССР-іне Қарақалпақстан, Сырдария облысы, Мырзашөл, Бостандық, Шыршық аудандары енді. Өкінішке орай, бұл жерлер Өзбекстанға біртіндеп тартыла бастады, Н.Хрущевтің тұсында Қазақстан олардан ақыры айырылды. Осы мәселе бойынша С.Қожанов жазған хаттардың барлығын айыптау тарап оған қарсы айыптаулар кеңінен пайдаланды. Қожанов 1924 жылы мектеп оқушыларына арналған «Есептану Құралы» оқулығын, 1928 жылы «Түркістан Кеңестік автономиясының он жылдығына» атты зерттеуін орыс тілінде шығарды. 1937 жылы 16 шілдеде тұтқындалып, репрессияға ұшырады. 1957 жылы ақталды. Олай болса, елі үшін тер төккен алаш батырларын құрметпен еске алу біздің парызымыз.