Алаш республикасының жариялануы мен Алаш Орда үкіметінің қызметі



Дата05.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#130809
Байланысты:
2-топ, Алаш (1)

Алаш республикасының жариялануы мен Алаш Орда үкіметінің қызметі

Орындағандар: Бейсембаева Зарина, Болатова Аружан, Болат Айнұр, Болатханқызы Аяжан, Джумашева Дильназ, Ербол Аяулым

Тексерген: Болтаева Сая Жанатовна


ЖОСПАР

II ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ СЬЕЗІ
5 желтоқсанда Орынборда ІІ жалпықазақ съезі өз жұмысын бастаған болатын.
Тәуелсіздікті мұрат еткен осы алқалы жиынның нәтижесінде қазақ қайраткерлері Алаш автономиясы атаған ұлттық мемлекет дүниеге келді.
Бұл мемлекетіміздің тарихындағы ұлы серпіліске із салған аса маңызды қадам болды.
АЛАШ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ
«Шықсақ бір төбеде, өлсек бір шұңқырда болайық»
Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі.
Қазақ қоғамының осы қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді.
АЛАШ ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә.Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды.
«Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді астыртын жүргізуіміз керек»
Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді.
1-ші ҚАЗАҚ ӘСКЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Алмағайып заманда азаттыққа бел буған Алаш үкіметінің тәуелсіз мемлекет болуы ең алдымен екі мәселеге терең байлаулы. Оның бірі – әскер, екіншісі – қазына.
«Қазақ» газетіндегі «Қайтсек жұрт боламыз?» атты мақаласында Міржақып Дулатов тәуелсіз жұрт болудың жолына тоқтала келе, «автономияға тырысалық, дербес үкіметіміз, өз әскеріміз болса бізбен әркім де есептеспек» деп түйіндейді.
Сосын Міржақып Дулатов тоқетерін де тарқатады:
«Жауап біреу-ақ әскеріміз болса ғана жұрт боламыз!»
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің білмейтініміз көп. Шындығында, азат ел болу, тәуелсіз жұрт болудың басты шарты – ел қорғаны – әскері. Әскерсіз ел, қорғансыз мемлекет болмайтыны ақиқат.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет