1. Бейбітшілікке ұмтылу; Бейбітшілік мүддесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің құқығынан қажетті тұрғыдан бас тартуы қажет



Дата15.01.2022
өлшемі473,1 Kb.
#111858
Байланысты:
Томас Гоббс-WPS Office
сүйіспеншілік

Томас Гоббс

Гоббс (ағылш. Thomas Hobbes, 1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.

Томас Гоббстың негізгі еңбектері:

•"Азамат туралы ілімнің философия-лық бастауы"

•"Левиафан"

Т. Гоббстың Ең маңызды жаратылыс заңы:

1.Бейбітшілікке ұмтылу;

2.Бейбітшілік мүддесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің құқығынан қажетті тұрғыдан бас тартуы қажет;

3.Адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.

Томас Гоббс өзінің ілімінің негізіне жеке адамның жаратылысы туралы белгілі бір көзқарастарды алды. Туа бітті, жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан, адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық сияқты қасиеттер де тән.Адамды тек қызғаншақтар, жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр" принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда соғыстар туындайды. Бірақ мұндай соғыстар кезінде "бәріне құқылы болу" деген - ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз.

Жалпы Томас Гоббс 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Томас Гоббс тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.

  • Жалпы Томас Гоббс 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Томас Гоббс тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.
  • Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.
  • Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты.

•Қосымша мәліметтер•

Теологиялық схоластикалық философияны терістеді;

Философияның мақсаты ғылыми жетістіктерге сүйеніп адам қызметінде практикалық нәтижелерге жету деп түсінді;

Нағыз материализм өкілі болды;

Философияның негізгі мәселесі қоғам мен мемлекет мәселесі деді;

Мемлекет теориясын жасады;

Алғаш рет мемлекеттің пайда болуы қоғами (бірігіп) келісім арқылы болған деген идеяны айтты.


Левиафан еңбегі👆

Ол бұл еңбегінде философия ғылымының зерттеу тақырыбы табиғат пен адам деп есептейді.

Томас Гоббстың философиялық ілімі-Бэкон философиясынан бастау алатын дәйекті материализм.

•Оның ойынша, мемлекет қоғамдық

•Оның ойынша, мемлекет қоғамдық

келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздік сақтау үшін пайда болды.

  • Томас монархиялық мемлекетті ұнатты.
  • Ол "адамның басты құқықтары":өмірге деген құқығы;меншікке құқығы;еркіндікке деген құқығын жақтаушы болды.

Томас Гоббс

(1588-1679)

🌍

Дайындаған



#36 мектеп лицейінің

7 "а" сынып оқушысы



Төлегенқызы Амира

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет