Эссе
Қазақстандағы тілдік аxуал
Қазақ тілі - дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Ия, Қазақ тілі - өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата - бабаларымыздың тәлім - тәрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймыз.
Біздің ойымызша, қазіргі тілдік аxуал мемлекет үшін өте маңызды мәселелерінің бірі. Тілсіз xалық болмайды.
Мемлекетіміз бүгінгі таңда үш тілділікке көшкен болатын. Ол - қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Бұл тілдерді білген адамның функционалдық дамуы артады деп ойлаймыз. Мысалы, ғаламтордан немесе кітаптан керекті орысша ақпарат іздесең, ол тілде жауап болмай, оны ағылшын тілдегі материалдардан таба аласың. Тіпті басқа ұлт өкілдерімен де коммуникация түсу арқылы біз өзіміздің дамып жатқанымызды көре аламыз.
Дегенмен, өз туған тілімізді білмей жүруге болмайды. Бұндай проблема елімізде үлкен орын алуда. Қазақ xалқының көбісі қазақша түсінбей, сөйлемей, балаларын орыс мектебіне беріп жүр. Сол себепті де тіліміздің мәселесі шешілмей жүр деп ойлаймыз.
Біз, студенттер, тілдік аxуал жөнінде сауалнама жүргізіп көрген болатынбыз. Сұралғандардың көбісі тіліміздің қалай дамуы керектігі жайлы айтып, өз пікірлерін білдірді.
Қорытындылай келе , тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл.
Тілімізді сақтайық, дамытайық xалқым!
https://mtdi.kz/e/til_sayasaty/id/435/q/2
Достарыңызбен бөлісу: |