Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық! Сабақтың мақсаты



Дата22.05.2022
өлшемі99,04 Kb.
#144529
түріСабақ
Байланысты:
Жеке кабинетке кіру бойынша нұсқаулық, fizika-10-synyp-test-sratary-8-nsa.... (1), тесты без ответов, Present Simple

Құрық орта мектеп гияназиясы
СЫНЫП САҒАТЫ
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық

Сынып: 5 «Ә»
Сынып жетекші: Алиева Г
2018-2019 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, «Жолда жүру ережесін сақтайық» атты тақырып бойынша бағыт беру;

  2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін сақтау, ойлау, суреттеу дағдыларын дамыту;

  3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жұмыс кезінде таза, тиянақты жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сынып сағаты
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер т. б
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
І. Кіріспе:
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?
Балалар: Үлгілі, тәртіпті бала.
ІІ. Негізгі бөлім
Қазір мен бірнеше жұмбақтар айтамын, ал сендер шешуін айтасындар.
Жұмбақтар

1 Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да , құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
- Неге?
Себебі, біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
1. Жиек жол деген не? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
2. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
ІІІ. Қорытындылау
Мұғалім: Балалар, сендермен бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен
Ысқырықпен түзеткен.
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.


Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Жоқ өзінде баста, ауызда, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет