II.Автономия. Барлық қырғыз облыстары бір автономиялы өлшемге енгізілуге, соңғысы федерациялық өлшем құқығымен Ресей федерациясына енуге тиіс.Бұл орайда, мүмкін болған жағдайда Қырғызстан Ресейдің көршілес облыстарымен (өлкелерімен) бірігеді, ол мүмкін болмаған жағдайда, Қырғызияның езі ғана жекелеген қырғыз губернияларында Земство енгізіліп, автономиялы бір өлшем болады.«Алаш» партиясы халық мүдделерін көздеп шын жүректен жұмыс істегісі келетін адамдар арсынан белгілі бір қызметті атқаруға әбден жарамды қызметкерлер іріктеу жолымен ауыл және болыс әкімшілігінің қызметін жақсартуды өз мақсаттарының бірі етіп органдарының қызметкерлері жөнінде де нақ осыны ұсынады. «Алаш» партиясы бар күшімен әділдікті қолдайды, ол барлық жәбір көргендер мен жарлы- жақыбайларды жақтайды. Халықтың жалпы мәдени деңгейін көтеруге бар күшін салады.