«Көркем әдебиет туралы» - Әмина Мамыт келінінің бұл мақаласы жоғарыдағы әдеби пікір таластарға үн қосу ретінде жазылып, «Қызыл Қазақстан» жуналының 1927 жылғы бірігіп басмылған № 5-6-7 сандарында жарияланды. Бұдан кейін «Абай» журналында 1992 жылы К.Сейілханұлының алғысөзімен басылды. Әдеби пікірталасқа тікелей қатысы бар тұстары алынып, сәл ықшамдалып берілді.
«Көркем әдебиет туралы» -Қошке Кемеңгерұлының «Көркем әдебиет туралы» ( «Еңбекші қазақ», 1926 жылғы 1 желтоқсан), «Сәбитпен айтысты доғардым» («Еңбекші қазақ», 1927 жыл, 30 қаңтар) және Сәбит Мұқановтың «Көркем әдебиет туралы» («Еңбекші қазақ», 1926,14-15 қазан), «Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірлерім» атты мақалаларына пікір қосу ретінде жазылып, «Қызыл Қазақстан» журналының 1927 жылғы №2 санында жарияланған. Содан кейін тұңғыш рет осы жинақта басылым көріп отыр. Араб қарпінен крилл қарпіне қотарып, жинаққа дайындаған Т.Жұртбай.