«Әдеби борышымыз» - «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 21 қыркүйектегі санында жарияланған.
«Исмағилбек Гаспиринскийдің жылы» - «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 13 қыркүйектегі санында жарияланды. «Телеграм» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 24 наурыздағы санында жарияланған. «Алаш азаматына» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған. «Түркістан өлкесі» -«Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 29 шілде күнгі санында жарияланған. «Қожамқұл мектебінде» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №254 санында «Келден» деген бүркеншік атпен басылған. «Иман күші» -«Бірлік туы» газетінің 1917 жылғы 20 тамыздағы санында жарияланды. «Телеграмм. Түркістан автономиясы» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 18 желтоқсандағы санында жарияланды. «Қоқанд сьезі һам қазақ-қырғыз»- «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 желтоқсан күнгі санында жарияланды.
«Алаш автономиясы» - «Бірлік туы» газетінің 1918 жылғы 7 наурыздағы санында жарияланған.