Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы



бет54/86
Дата05.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#14445
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
2. ҮЙШІ АНТЕК

Осы болымсыз себеп баланың тағдырына байлаулы әсер етті. Сол күннен бұлай, таң атқаннан күн батқанша, қолына түскен ағаштан диірмен жасап, қалақша отырғызып әуре болатын болды. Бірнеше күн өткен соң ағашты кесіп алып, жонып өзінше диірмен жасап, дәл аржақтағы диірмендей болмаса да, желмен айланып тұрады.


Бұған қандай қуанды.
Он жасына жеткенше төрт пышақты тоздырып бірталай диірменше, қайықша, құдықша, сатыша, бар амалымен үйшелер жасады. Көзі түскен адам тоқтай қалып қарап, мына Антек не асқан ұста болар, немесе түкке жарамайтын арамтамақ болар,- десті шешесіне.
Сол кезде Бүйтек деген інісі туып, қарындасы ересек тартып, әкесі тоғайда жүріп ағаштың астында қалып өледі.
Қарындасы үй шаруасын істеп шешесіне қолғабыс қылады. Қыстыгүні үйді сыпырып, су әкеліп, ас пісіре білді. Жаз шықса, ағасына қосылып мал баққызды. Ағасы баяғы ынтасы кеткен ісіне алданып қарындасын сырттан қарап бақыламайды. Жылап айтқан сөз, соққан таяқ ештеңе қыла алмады. Бала қаншалық: қайтып қолыма алмаймын деп серт беріп, шешесіне қосылып зарлап жылағаннан соң да оның малы егінге түсе берді. Қарындасының қасында болғаны жақсы болды: ол баяғыдай таяқтарын жона береді, қарындасы малды көздейді.
Шешесінің ұлынан гөрі кызының жасы кіші болса да, ақылдырақ, егінші шаруасына қолайлы екеніне көзі жеткен соң, ескі дос Андрейге зарланып:
- Мен сорлы мына жарамсыз Антекті қайтермін, не үйдегі, не түздегі шаруаға жарамайды, бейне басын айналдырып алғандай қолындағы ағашын жонады да отырады. Не шаруалы емес, немесе қара қызметкер де бола алмай арамтамақ болатыны анық, - деді.
Андрей досы жасында суда салы салып тентіреп, дүниені көп көрген адам. Жесір әйелді жұбатып:
- Рас, ақылы жоқ, қайдан шаруаға би болсын, олай болған соң: әуелі мектепке беріп оқытып, сонан соң біреуге ноқта кесті қылуға беру керек. Кітап оқуды үйреніп, әртүрлі шеберлікпен танысады да, быратала адасып жолдан шығып кетпесе, итшілеп күнін көрер.
Оған әйелдің берген жауабы:
- Ой, дос, сіз калай айтасыз, шаруалы адамның баласы істі болып, біреудің ісін істегені ұят емес пе?
Андрей ағаш найын тартып, будақтап түтінді шығарып жіберіп:
- Ұят екені рас, онда қайтерсің!
Сонан соң Андрей ұзын орындыққа отырған Антекке қарап:
- Ал аманат айтшы: шаруалы боласың ба? Жоқ, іс істеуші шебер боласың ба? - деді.
- Мен ұн тартатын диірмен істеймін,- деді.
Мұның әмісе беретін жауабы осы. Үлкендер де осыдан басқа жауап ала алмай, бастарын шайқап, кейде ыза болып, шыбықпен дүрелеп те тастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет