«Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оның сыны» - «Советская степь» газетінің 1928 жылғы 2 тамыздағы санында орыс тілінде жарияланған. 1992 жылы «Ақиқат” журналының 1992 № 12 санында Әбілмәжін Жұмабаевтің аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет басылды. Жинаққа сол тәржіма бойынша беріліп отыр.
«Ақын Абай және оның философиясы» -мақала І.Қабыловтың „Қазақ ақыны Абайдың философиясы және оның сыны» атты даулы пікіріне орай «Советская степь» газетінің 1928 жылғы 22 тамыздағы № 191 санында орыс тілінде жарияланған. 1992 жылы «Ақиқат” журналының 1992 №12 санында Әбілмәжін Жұмабаевтің аудармасымен қазақ тілінде тұңғыш рет басылды. Жинаққа сол тәржіма бойынша беріліп отыр.