«ЖОО-ның Қазақстан үшін маңызы» - 1926 жылдың 29-қазанында Ташкент қаласында Қазақ педагогтік жоғары мектебінің ашылу құрметіне арналған мәслихатта жасаған баяндамасының стенограммасы. «Қазақтың жоғары педагогикалық институтының бір жылдық жұмысы», — деген атпен 1928 жылы Ташкент қаласында орыс тілінде жарық көрген жинаққа енген. Сирек ұшырасатын жинаққа Халел Досмұхамедовтің, Смағұл Садуақасовтың, Елдес Омаровтың, Темірбек Жүргеновтің мақалалары, Ә.Диваевтің «Қазақтануға қатысты деректер» «Этнографиялық деректердің тізімі», «Сандал ағашындағы жазу» жазбалары, 1921-1926-шы жылдарда орыс жане шетел тілдерінде жарияланған қазақ тарихына қатысты еңбектердің А. В. Панков құрастырған библиографиясы топтастырылған. ҰҒА-ның Орталық ғылыми кітапханасының сирек қорында сақтаулы тұрған ф.ғ.д., проф. Т.Жұртбай ұсынған нұсқа бойынша Филология ғылымдарының докторы, профессор Сапарғали Омарбеков алғысөзін жазып, орыс тілінен қазақшаға аударып „Ақиқат” журналының 1994 жылғы №7 санында жариялады. Орыс тіліндегі