«Ермекұлы Әлімханның хаты» - Ә.Ермеков түрмеден шыққан соң «Социалды Қазақстан» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында М.Әуезовтің хатымен бірге жарияланған. Тұңғыш жарияланымы.
«Заявление Ермекова» -М.Әуезовтің ашық хатымен бірге «Казахстанская правда» газетінің 1932 жылғы 10 маусым күнгі санында басылған. Баспасөзде тұңғыш рет жарияланып отыр.
«Докладная записка» -ОГПУ-дің Қазақстандағы құпия-саяси бөлімінің ерекше өкілетті өкілдерінің 1933 жылы 11 қыркүйек күнгі БКП(б) Өлкелік комитетінің хатшысы Л.Мирзоянға жолдаған өте құпия баян хаты. ҚР Президенті архивінің бөлім меңгерушісі Ж.Сүлейменов пен журналист Райхан Ахметова «Абай” журналының 1997 жылғы №2-3 сандарында жариялады. 20-30 жылдардағы әдебиет саласындағы саяси қысым мен жазалау науқанының кезекті бір қорытындысы есебі ретінде ұсынылған құпия мәліметті біз де жоғарыдағы пікір таластарына берілген „саяси баға” орайында жинаққа енгізуді жөн көрдік.