Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы


Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы



бет7/86
Дата05.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#14445
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы

Әдебиет – искусствоның бес тарауының біреуі. Искусство да адамзаттың сұлулық сезімінен, сезім арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылуынан туған.


Сұлулықтың өзі не нәрсе?
Философ Кант былай деп жауап береді. «Т‰рімен ѓана тура — байланған ләззат оятатын нәрсенің бәрі - сұлулық?» - дейді. Осы сөзде т‰гел болмағанымен бір талай шындық бар. Шынында да, мысалы, қазақтың мұрын тесіп, зере салуында құлыќ үшін, тұрмыс үшін қандай тура пайда бар? Әрине, тура, қолма-қол пайда жоқ. Қазаққа мұны істеткен Кант айтып отырған құлқына байланатын “сұлулық” сезімі. “С±лулық сезімі - барлық жануардың, оның ішінде адамның жаратылысына салынған, табиғатына берген”,— дейді Дарвин. Осы пікірлерді Маркс философиясы негізінде қате демейді. Марксшылдықтың б±ған қосатыны, толтыратыны бар. Марксшыл зор ғалым Плеханов жазады: «Адамның табиѓаты — адамның сұлулық ұғымдары болуының мүмкіндігіне жол ашқан. Айналадағы шарттар осы мүмкіндікті іске асырады. Қоғам – адамның, қоғамның, бір халықтың, бір таптың сұлулық ұғымдарының тууы, сипаты анадай болмай, мынадай болуы, осы айналадағы шарттарға байлаулы (Плеханов. Об искусстве. Сборник “Искусство”, М. Изд. “Новая Москва”, 1922 год, стр.44).
Мынау сөзді ұғымдырақ қылып айтқанда былай болар: бір халықтың, бір таптың бір заманда анадай сұлулық ұғымы болмай, мынадай сұлулық ұғымы болуы; сипаты анадай болмай, мынадай болуы — тұрмыс түріне, еңбек түріне байлаулы. Бұл пікірдің дұрыстығында дау жоқ. Қазақтың мұрнын тесіп зере салуы — Европа көзінше сұлулық емес, тағылық деп саналады ғой. Тұрмыс өзгерген сайын зереге де қазақ өзі де тағылық деп қарап келеді ғой. Яки, Европаның күн батқандағы суреттерді аузының суы құрып мақтауы - қазақтардың өз әдебиетінде жоқ қой. Біз жоғарыдағы сұлулық сезімнен һәм сезімі арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылудан искусство тумақ делік. Бұл мәселе жоғарғыдай сөздермен біраз шешіліп қалды. Искусство тұрмыс түріне, еңбек түріне қарай өзгертіліп отырмақ. Искусствоның тұрмысқа байланысы жалғыз тұрмыс пен жырға өзгеріліп отыруы ғана емес. Искусствоның сезімі -— әр қилы сезімнен туған һәм сезім оятатын сурет арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылу болғандықтан, искусство өмірге, тұрмысқа пайда тигізуге тиісті. Бірақ искусство тұрмысқа тура, қолма-қол пайда тигізбейді. Тигізе алмайды. Арада талай қол арқылы алыстан тигізбек. Әдемі өлең, сұлу күй, ешкімнің қарнын — тоқ, көйлегін - көк қылмақ емес. Бұлардың пайдасы — қиғаш, алыстан орап барып тиетін пайда. Марксшыл ғалым Ортодокс осы пікірді бір әсерінде толық айтады Л.Ортодокс, О,Уайльд.Иваново-Вознсенск, изд. “Основа”, 1923, стр. 50-53). Қысқасы: искусствоның негізі — сезім, құралы - сезімнен туған сурет. Мақсұты —- білім беру емес, сезім ояту. Бұлай болса искусство қайраткерлерін, ақынды өлшейтін кез мынау болады: сұлу, терең суреттеу арқылы қандай болса ондай болсын, әйтеуір терең сезім оята алса — ол ақын. Оята алмаса — ақын емес. Сондықтан Агамемнон Ахиллесті жырлаѓан Ғұмар өмірді қарғап өтсе де, суретті, терең болып тұңғиық сезім оятатын Байрон — қайткенде де ақын. Тарғынды жырлаған Марабай, Жібек қызды жырлаған Жүсіпбек қожа, қыл көпірді, мақшарды, жұмақ-тамұқты суреттей біліп, тыңдаушыны емінткендей дін қиссасын шығара білген біреу — қайткеңде де ақын. Қырық парызды сынайтын Орынбай «Қырық парызына» келгенде — ақын емес. Уақытында «Айқапта» басылған “Қазағьм өнерлен, мектеп аш, қала бол, егін сал” - деген сықылды ақылды өлеңдер, қайткенде де ақындыққа жанаспайды. Ақындық — бағытта емес, ақындық - ақындықта. «Қалай жұмсалса да талантты — талант дейміз ғой» — дейді Луначарский (Луначарский. «Что такое искусство». М. “Этюд”, Госиздат, 1922, стр.32). Қысқасы, ақынды өлшейтін бірінші өлшеуіш – ақынның ақындығы. Бірақ ақын қандай болса да елдің, бір таптың азаматы болғандықтан, өлімді емес — өмірді, жауыздықты емес — ізгілікті нысана қылған. Жалпы адамзаттың бір мүшесі болғандықтан ақынның оқушыѓа да, қараушыға да, ізгі, дұрыс сезімді — өмір сезімін оятуѓа ±мтылуы - азаматтық борышы. Тағы да айталық, ақындық борыш емес, азаматтық борыш. Осы борышты атқарғандығы үшін ақын - ақындығын өмірге, тұрмысқа жаратуға міндетті. Таза ақындықпен бірге осы борышты да атқарған ақынды ғана ел: “Тап өз ақыным” – демек. Ақындықты ақындықпен өлшеу – бұл ақынға салынатын екінші өлшеуіш. Бұл арада ашып кететін сөз мынау: ақындықтың тұрмысқа жанасуын - тұрмыстың құлы болу деп ұғу қате. Ақындық – жаратылысты, тұрмысты айнытпай, бұлжытпай құр түсріп қана отыратын фотография емес. Фотография — ақындық емес. Тұрмыс пен жаратылыс - ақынға тек тиянақ. Осы тиянаққа таянып, басып, осыны мұрат қылып, көптің көргенін, көптің сезгенін жинап бір топ қылып, сол топқа ақын өзінше түс жорытуға міндетті. Тип – портрет емес, тип – ќашанда болса жасама. Лениннің фотография(ѓа) түсірген портреттерінде ақындық жоқ. Ал, суретшіл ақын салған портретінде ақындық бар. Мұның себебі не? Еуропада әдебиет шыңы — Шекспир дейік. Осы Шекспирдің ақындығы 16-17-ші ғасырдағы, қалса — Англяның, асса — Еуропаның тұрмысын бұлжытпай суреттегендігінен ғана ма? Жоқ. Еуропаның асқан ақыны Гете айтады: «Кәдімгі бір күшікті тұрған күйінше суретке салсаң — жердің жүзіндегі толып жатқан күшіктің санын көбейтіп, бір күшік қосқан болып табыласың. Онымен суретшілі ақын болып табылмайсың»- дейді.
Ақын Гетенің тағы бір жұмбақ сөзі бар:«Әдебиет әсері неғұрлым жабайы, өлшеуден аса берсе, неғұрлым ақылға ұғымсыз болса — соғұрлым сұлу болмақ», — дейді.
Жоғарыдағы пікілерді қорытқанда былай болады: ақындық ауданында аќын – аќын ѓана, тұрмыс ауданында - әрі ақын, әрі азамат. Тұрмыстың мүшесі болған соң, ақын — азамат та болуға міндетті. Ақындық — фотография емес, фотография — ақындық емес. Ақынның міндеті — білім беру емес. Терең сезім, асқар пікір ояту.
Тарихта әдебиеті тұрмысқа тиянақталмаған, жалаңаш пікір билеп кеткен дәуір бар. Сүмірейтіп, тұқыртып тұрмыс билеп кеткен дәуір бар. Бастапқы дәуірлерде де, соңғы дәуірлерде де жиһан әдебиеті бәсеңдеген, төмендеген. Ал тұрмыс пен асқақ пікірді қиюластырып қоса білген дәуірлерде асқарлаған. Дәуірлеген әдебиеттің шын асқарлауы, сөз жоқ, тұрмыс пен қиял-мүлтіксіз қабысатын алдымыздағы ортақшылдық дәуірінде болмақ. Бірақ үстіміздегі төңкеріс дәуірі де адамзат тарихының теңсіз бір дәуірі. Бұл дәуір — тұрмыстың қиляға, шын бақытты өмірге қол созған дәуірі. Қиялдың, жаңа өмірдің жерімізге жақындап, көгімізде қалықтап ұшып жүрген дәуірі. Мұндай дәуірде тереңдеп, екпінді әдебиет тууға тиіс. Бірақ мұндай дәуір әдебиетінің екі бетінде екі нұр болмасқа мүмкін емес. Плехановтың: “Жаңа таптың тудырған искусствосы - реализм мен идеализмнің бір түрлі қоспасы болмақ”- деген сµзініњ мєнісі осы (Петров. За двадцать лет. Спб. 1905, стр. 307).
Бұл сөзде шошитын ешнәрсе жоқ. ¦ққысы келген адамға: бір қолымен қиратып, бір қолымен жаңа дүние құрып жатқан пролетариаттың өзінің өмірі де феодализм мен реализмнің қоспасы екені ашық қой. Тарихтың ең зор, ең бір қасиетті істері осындай қоспа дәуірде істелмек. Терең де, екпінді де әдебиет осындай қоспа дәуірде тумақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет