Қаласының солтүстігінде темір дәуірінен

бет2/2
Дата21.11.2019
өлшемі50,45 Kb.
#52254
1   2
Байланысты:
Документ Microsoft Word

2 топ

Сақтардың әлем құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болды. Әлемдегі тәртіптің, үйлесім мен гармонияның және ондағы бар нәрсенің ұйымдастырушылары Митра, Варуна, Индира секілді құдайлар болды. Әлемнің үлгісі оларға үш дүниенің – жерасты дүниесі – төменгінің, белорта дүниесі – жердің және

жоғарғы дүние – аспанның өзара сәйкестігі болып көрінген. Әлемнің сол, оң, алғы және артқы жақтары болған.

Сақтардың космос жөнінде символикалық түсінігін «Алтын адамның» бас киімінен көруге болады. Бас киім 150 - ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см. Бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Бас киімнің алдыңғы жағына күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі: төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе салынған. Бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше белгісі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар - мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан - жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Алдыңғы жақты сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жақты – батыс жағы деп есептеген. Осындай мұрақты тәжді кигізу көсемге күллі мифологиялық Космосты билеуді берді деген ұғымды білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған, ал оның киіміндегі символдардың бәрі мифологиялық ұғымдар.
3 топ

Б.з.б. VІІ ғасырдан бастап далалы аймақтар өнерінде - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу. «Аңдық стиль» өнері сәндік сипатта қолданылды. Аңдық        әртүрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. «Аңдық стиль» өнерімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерден сақтарға алғаш рет  «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады. Өнерде арыстанды бейнелеу Арал маңындағы сақтардың тұрақты тақырыбы болған. Бұл ұғым жергілікті Жылқы, қой, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян сияқты жануарлар мен аң-құстардың бейнелеріне ауысты. Бұл өнердің негізі – ежелгі аңыздарда сақталған адамның әртүрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінік болып табылады. Адам өзінің тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін соның бөлшегі деп ойлады. Әрбір ру немесе тайпаның шыққан тегі аңдар болып есептелген. Сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті бойтұмар ретінде саналды. Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда «Аң стилі» дамудың шегіне жетіп, шынайылық негізін жоғалтып, ою-өрнектік кескінге айналды. Біздің заманымызға өтер алдында бұрын көрнекті өнер болған бұл стиль жоғалып кетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет