Мәдени көптүрлілік. Құндылықтар, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар.
Ұлттық бірегейлік және мәдениет.
Ұлттық бірегейлікті сақтау.
Дін социологиясының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамындағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестердің арқасында. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт (1798 - 1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа байланысты О.Конт "тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді.
Мәдениет социологиясы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізігілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Мәдени құндылықтарға құлықтылық және эстетикалық идеалдар, өзін ұстаудың нормалары мен үлгілері, тілдер, жергілікті тіл ерекшеліктері мен сөйленістер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарихи жер аттары, ауыз әдебиеті, көркемдік кәсіп пен қолөнер, мәдениет пен өнер шығармалары,тарихи-мәдени маңызы зор мәдениет қызметінің ғылыми зерттеу тәсілдері мен нәтижелері, аумақтың тарихи-мәдени қатынасында ғажайып болып табылатын ғимараттар, құрылыстар кіреді.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы (менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаның өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы.
Елбасы мақаласында ұлттық бірегейлікті сақтауды тілге тиек етті. Онда "ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс" делінген. Бұл орайда мемлекет басшысы қазақстандықтардың бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалайтынын жазған. Оның біріншісі - Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы