Сабақтың тақырыбы : «Рәміздерім мақтанышым» Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата10.07.2017
өлшемі102,31 Kb.
#20956
түріСабақ
«Үздік сабақ» байқауына
Жамбыл облысы, талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі Қонақбаева Перизат Лесбекқызы

«Үміт» мектеп-интернаты



Ашық тәрбие сағаты




«Рәміздерім –мақтанышым»

Тақырыбы:





Тәрбиеші: П.Л. Қонақбаева


Қаратау қаласы.


Ашық сабақ:

Күні: __________ ______________

5-3 сыныптар

Сабақтың тақырыбы : «Рәміздерім – мақтанышым»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру.Отан ,Қазақстан,туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту.Сөздік қорын молайту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Мемлекеттік Гимнді,Туды,Елтаңбаны құрметтеуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, шарлар, мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі .

1. Сәлемдесу.

2. Мемлекеттік Гимнді орындау

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық!

Саламатсыздар ма?


«Жылы лебіздер бұрқасыны» бір-біріне жақсы тілектер айту.
ІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе.


Ақ сандығым ашылсын,

Сыныпта у-шу басылсын.

Жан дүниемізді ашатын,

Ішінен білім шашылсын.


(Слайд.Сабақтың тақырыбы шығады.)

-Балалар,өздерің байқағандай бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Рәміздерім-мақтанышым!» деп аталады.


(Слайд «Отан-Ана»)

Отан деген-атамекен.

Отан деген-туған жер.

Отан-ана.

Қазақстан-туған ел!
Ой қозғау.

- Балалар,біз қай елде тұрамыз?

- Қазақстанда.

Олай болса,Отанымыз туралы сендермен ой бөлісейік.

Біздің Отанымыз- Қазақстан. Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздігігімізге 25 жыл толды.Бұл біздің еншімізге тиген теңдесі жоқ сыбаға, келер ұрпақтың басына қонған баға жетпес бақыт.


(Слайд:Қазақстан картасы)

Қазақстанның жері үлкен: батыстан шығысқа қарай 300 мың шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 шақырымға созылып жатыр.Қазақстанның табиғаты әртүрлі. Мұнда тау да ,өзен де, шөл де бар.

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман,жасыл жайлау, көлім менің!

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім менің!


-Балалар,бүгінгі тақырыбымызды нақты ашатын бөлімге келіп жеттік.

Рәміздерім-елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім-Гимн,Ту, Елтаңба.

Рәміздерді жатқа білген-жөн кісі.

Кез келген дербес мемлекеттің рәміздері болады. Бүгін өз елдігіміздің белгісі рәміздеріміздің ерекшелігін терең танитын боламыз. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

-Қане,балалар Мемлекеттік рәміздерді атай қойыңдаршы?

-Гимн,Ту,Елтаңба.


1. Кез келген Мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы-Гимн. Гимн-мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимнді түрегеп тұрып тыңдайды, айтады. Бұл өз мемлекетіне деген құрметін көрсетеді.

-Балалар, Гимнді орындағанда қандай сезімде болдыңдар?

-Мақтанышпен, Отанға деген сүйіспеншілікпен орындаймыз.

-Гимннің авторларын білесіңдер ме?

-Сөзін жазғандар: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.
2.Ту-мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздердің бірі. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді

-Тудың түсі неге көгілдір, жасыл не сары емес?

-Көк түс аспанның түсі. Аспан дегеніміз кәдімгі үйдің шаңырағы сияқты. Осы шаңырақ астында миллиондаған адамдар өмір сүріп жатыр. Енді туымыздағы күнге қараңдаршы. Күн онда бекер бейнеленбеген. Күн тіршіліктің қуат-көзі. Ол жердегі барлық нәрсеге өмір сыйлап тұр.

-Күннің шапағы неге ұқсайды?

-Дәнге. Дән - байлық деген сөз. Яғни астық барда халық тоқ деген сөз.

-Ал тудың сабына тақау жиегіндегі оюға қараңдаршы. Ұлттық оюымыз қалай аталады?

-Қошқармүйіз. Бұған қарап Қазақстанның туы екенін бірден тани қоясың.

-Тудағы құстың суреті нені білдіреді?

-Біріншіден ол дала қыраны ең ірі құстардың бірі. Екіншіден бүркіт өте күшті, жүректі, төзімді құс. Ол балапандарын ылғи қорғап жүреді,бәрінен биік ұшады,.көзі қиядағыны шалатын қыран құс.
Сергіту сәті. «Кім жылдам?» ойыны.
3.Елтаңба. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз-Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейленеді. Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша , қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп халықты қасіреттерден азат еткен, еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі. Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екендігін көрсетеді.
«Балық аулау» ойыны.Сұрақ-жауап.

1.Қазақстанның Тұңғыш Президенті қашан сайланды?

2.Қазақстанның ірі қалаларын ата.

3. Қазақстанның шектесетін мемлекеттері.

4.Қазақстандағы ұлт өкілдерін ата.

5.28 қысқы Универсияда қай жерде, қай жылы өтті?

6.Отанды сүю неден басталады?

7.Үш биді ата.

8.16 желтоқсан қандай мереке?
ІІІ.Қорытынды.

Әр оқушы өз алдында жатқан бидай дәні формасындағы кеспе қағаздарға бүгінгі сабақта алған әсерлері бойынша жазып тақтада бейнеленген бидай сабағына орналастырады.



Отанға деген сүйіспеншілік еліміздің келешегіне,оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік. «Ұлттық патриотизм-қанмен,тектілікпен бірге келетін, тәрбие барысында нығайып бекитін, еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезім» деп тұжырымдамада айтылғандай сендер де елін, жерін сүйетін, Отанның игілігіне үлес қосатын өршіл рухтағы азамат болып өсіңдер!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет