Қонақбаева Диана дпмно-303с Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы



бет1/2
Дата28.11.2023
өлшемі25,95 Kb.
#193770
  1   2
Байланысты:
13-апта 1 АБ СӨЖ
Арнайы пәндер олимпиадасы, Арнайы пәндер олимпиадасы, Сланбекова Жер 2014-75-3, Сланбекова Жер 2014-75-3, CSS, 77 сабақ. Лоренц түрлендірулері, баяндама ГДА

Қонақбаева Диана
ДПМНО-303с

1. Алтын Орданың мәдени-өркениеттік мұрасы
Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары (кварталдары) болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған. Тарихшылар Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан деп түсіндіреді. Расында да, орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың өндірістің дамуы жүзеге аспас еді. Алтын Орданың әкімшілік құрылысы ұлыстық жүйеге негізделген-ді. Ұлыстарды ұлыс бектері басқаратын, ұлыс бектері өз кезегінде бектер бегіне бағынатын. Бәрінің үстінен Шыңғыс хан әулеті билік жүргізетін еді. Ал мемлекеттің күнделікті мәселелері уәзір құзырындағы диуанда (кеңесте) шешілетін. Бұл жүйе (ұлыстық жүйе) ғасырлар бойы Ресей әкімшілігінің де негізгі басқару жүйесі ретінде (облыстарға бөліп басқару) қолданылып келді, Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті тек Ресейге ғана емес, басқа да көптеген мұрагер мемлекеттерге ықпалын тигізді.
Қорытындылай келе, Алтын Орда дауірінде (13-15 ғ.) Қыпшак даласынданы түркі халықтарының әдебиеті мен медениеті мүлдем жана сапалық дарежеге көтерілді. Алтын Ордаға көрнекті ғалымдары, саулетшілері, ақындары, өнер кайраткерлері, т.б жиналатын еді. Көптеген адеби шығармалар, шежірелер, күйлер секілді көптеген жанашылдықтар болды. Мадениет пен ғылым алға өрбіді, ал қалалар сауда, архитектуралық жетістіктер мен өнерлердін түрлері арқылы гүлдене бастады.
2.Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері
16 ғасырдағы Қазақ хандығы үшiн сыртқы саясаттын басты бағыты 1635 жылы кұрылған Жоңғар мемлекетi болып табылды. Сол 1635 жылы қазақ-жоңғар соғысы басталды. Шапқыншылыкты қонтайшы Батырдын қколбасшылығымен жоңғарлар бастады.Ұзаққа созылған бұл соғыста екі жақ алма-кезек жеңіске жетіп отырды. Бір шайқаста Жәңгір хан тұткынға түсiп калды, бiрақ көп ұзамай оны босатып жiбердi. қазақ шонжарларының арасындагы алауыздык тартыстар елдiң жалпы жағдайына нұқсан келтірді. Қазақ қоғамында бiрлiктiң болмауы, басқыншыларға карсы бiрiгудiн қажеттiгi сиякты күрделі мәселелерді Жәңгірдің батыл шешімі керек болды. Ол белгiлi батырлармен, ыкпалды билермен қатынастарын жақсартып, Бұқар және Хиуа хандықтарымен байланысқа баса көңіл бөлді. Дәлірек айтканда, Самаркандта атақты сарайлар салдырган белгiлi билеушi Жалантөс Баһадүрмен келiсiмге келдi. Қазақтар Бұқар хандығымен тығыз байланыста болган, олардың бiр бөлiгi осында өмір сүрген. Бiзге жеткен аңыздар бойынша, Самарканд билеушісі Жалантөс Баһадүр Сырдарияның төменгі ағысындагы қазақтың төртқара руынан шыққан.Тек Шығайхан ауылдарымен бірге Бұқара маңыңдағы Нұрата тауларына көшіп барган. Бұқар ханы Жалантөсті Самарканд қаласының әмiрi етiп тағайындаған. Жәңгiрдiң беделi тез көтерiлдi. Оның ордасы Қазақ хандығының сол кездегi астанасы Түркістан қаласында болды.Ол айналасындағы болып жаткан оқиғаларды жiтi бақылап, дұшпанның әр кимылын кадағалап отыруға осы жер лайықты деп тапты.Батыр қонтайшы Жетісуға шабуыл жасау мақсатымен аса үлкен әскер жинады.Оған Алтын ханның баласы Омбы-Ердені,Батыр қонтайшының күйеу баласы Үгірту және Сұлтан тайшы (сібір халқы холттардың билеушiсi) және баска да көптеген тайпалардың ұсақ көсемдерi косылды.Дегенмен әскер саны 50 мыңнан аспады.Мұны жақсы білген Жәңгір хан тойтарыс беру шараларын ойластырды.Ең алдымен қазақтардың біріккен әскерлерін жинау,көп қажет болған жағдайда көрші әскерден көмек сұрау.
Қазақтардың қару-жарақтары да әр түрлі болды.Ерекше балқытылған болаттан қисық қылыштар,себеле,семсер,сапы,қанжар,қисық жүзді ұзын пышақтар,жіңішке пышақтар кеңінен қолданылды.Садақтың құрылымдық бөліктерін жай мен жебе деп атаған,ерте ол кеңінен қолданылған қару болған.17 ғасырдың аяғынан бастап Орта Азияны сатып алған,ішінара өздері жасаған мылтықтарды пайдалана бастаған.Мылтықтардың бірнеше түрі болған:серіппелі,серіппесіз,қысқа ауызды, қозы көш деп аталатын 700 м ататын мылтықтар.Қазақтар мен жоңғарлардың соғысы 1643 жылдан – 1647 жылға дейін созылды.Жәңгір хан бекіністер мен қорғандар орнатып,шатқалға адамдардың жартысын ғана берді.Жоңғардағы орыс елшісі, қазақ атаманы Г.И.Тобылдан: «Жәңгір хан тас арасынан орлар қазып, соған отты карумен (мылтықпен) 300 адамнан отырғызды, ал өзi 300-дей адамдарымен жартасқа жасырынып тұрды. Ал тайша жауынгерлерiмен оларға тап берiп, осы арада контайшының көп адамы мерт болды»,-деп жазды. Жартастар арасындағы тар өңеште жоңғарлар мындаған адамынан айырылды.Бiрнеше күннен кейiн ұрыс тауда емес, жазық далада жалғасты. Жоңғарлар толық басымдық алып, жеңiстерiн ендi тойлай бастаған сәтте, қазақтардың болмашы әскеріне көмекке үлкен күш келiп косылды.Осыған байланысты Орбұлақ шайқасы туралы сөз еткенде оның екi ұрыстан тұратының естен шығармау керек. Бiрiншiсi 600 қазақ батыры өздерiнен күшi мың есе артық дұшпанға тойтарыс бере алған таудағы шайқас. Екiншiсi көп әскер қатынасқан жазық даладағы кескілескен ұрыс. Бұл туралы сол кездегі әскер катарында кызмет атқарған орыс адамдары: «...таудың екiншi жағынан қонтайшы келдi, бiрақ Жәңгір хан бастаған ержүрек жауынгерлер мұнда да қонтайшының он мыңнан астам адамына соққы берді»,-деп жазган.
Ал 1643 жылғы екiншi шайқаста Жәңгір хан 600 жанкешті сарбаздарымен Жоңғар тауының бiр қуысына бекiнiп, ойраттардың 50 мың әскеріне ерлiкпен қарсы тұрды. Шайқас кызып жаткан кезде Жәңгір ханның шақыруымен 20 мың әскерiмен көмекке жеткен Кіші жүздiң Жалантөс батыры екеуi соғыстар тарихында бұрын болмаған жеңіске жетті,қалмақтың 10мың әскерін шығындады.Тәуке ханның өз билігінде 80 мындай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жаулармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкiндiк бердi.Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделi емес еді.Тұрақты әскер болған жоқ.Оған әрбір азамат- жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиiс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Онын шығының халық көтерді.17 ғасырдың бiрiншi жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті.Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияга қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяк шенінде ойраттар төрт тайпалық бiрлестiктен кұралды.Олар:Тарбағатайдан Шығысқа қарай торғауыттар.
Жан-жакты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнiнде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жерiне басып кіріп, қырғын соғыс жүргiздi. Көп олжа алып, олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында казактардың 30мың жасағын талқандап женіп шыққан. Келесі жылы жоңғарлардың әскерi тағы да қаңды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерiнiң бойында қазақтарды кырғынға ұшыратты.Бірақ 1718 жылы Тауке хан өліп, билік оның баласы Болат ханга еткен тұста қалмақтардың қазақ жерлерiне жорығы күшейдi.Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигiзген әсерi үлкен.1709 жылы Полтава түбiнде орыстардың колына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертiстiң бойымен жоғары ерлеп бара жаткан Бухгольцтың экспедициясы кұрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қыста ол қалмақтарға тұткынға түседi. 1733 жылға дейiн қалмақтардың колында болған ол қалмақтарды темiр балқытып зеңбірек жасауға, оның орын дайындауға, тіпті баспахана жасап, әрiп кұюға үйретедi.Сонымен бiрге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей қалмақтарға Сiбiр бойындағы бекіністерден зеңбiрек берген деседi. Ренаттың көмегiмен зенбiрек атыс жарактарын жасап, жүз мыңнан астам әскер кұрап, қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқа дайындалып жатканда қазақтар жағы олардан қауiп күтпей, iшкi талас-тартыспен журген болатын. Бұл тұста қазақтар мен қалмақтардын шекарасы Ертіс өзені,Балкаш,Шу,Талас өзендерiнiң аралығымен ететін.
1723 жылы көктемiнде казак жерiн бет каратпай басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыкка шықты. Мол әскер жинап, барынша толық қаруландырып,оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген калмак баһадүрiн тағайындады. Оның тактикалык жоспары бойынша қалмақ әскерлерi стратегиялык екi бағытта кимыл жасауға тиiстi болды.Бiрiншi бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екiншi бағыт - қазақтарға ес жиғызбай соккы беріп, Шыршық өзенiнiнң койнауына жету еді. Бұл жоспарды iске асыру үшiн әскерлер жетi топқа бөлiнiп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың iрi колбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екiншi бiр тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздiн басшылары, билері жиын өткiзiп, онда қазақ жасактарының колбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды.1727 жылы халықтың каһарлы қарсылығының алғы шебінде болып, қалмақ әскерлерiмен үш жылдай ұрыс жүргiзген Әбiлқайыр бастаған Кіші жүз жасактары, ондағы айтулы батырлардың бiрi Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыккан Санырық батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы бердi.Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста он мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы өздерiнiң талайдан каны кайнап ыза мен кекке суарылған кайрат-жiгерiнiң жемiсiн көрiп куанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырган бұл жеңіске кол жеткен жер кейiн «Қалмақ қырылған» деп аталды.1729 жылы көктемде Балқаш көлінің манында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бiр катты кыргын соғыс жүрдi. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екiншi рет күйрете соққы берді.Майдан даласында мындаған қалмақ әскерлерi каза тапты. Кебi кырылып, жаралы болып, жаны шыкпай жаткан жау әскерінің аңыраған дауысы бiрнеше кун даланы басына көтердi.Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет