Күз
Күз де келдi қылығымен не түрлi.
Күз кеп ендi қыр-далама, бекiндi.
Жердiң бетiн сары түстi ғажайып
саф алтынмен қаптап жатқан секiлдi.
⠀
Жасын төктi, желi жердi жалады.
Жасын кейде жарқ етiп бiр қалады.
Жазға “қош” деп жатқандардың сағыныш
жүректерiн жарып өтiп барады.
⠀
Табиғатқа жаңа белгi сыр ашып,
Күз де келдi аңдып басып, қыр асып.
Күн мұнартып, түндi ұзартып, құстардың
жылы жаққа кетуiне ұласып.
⠀
Ал ақ аспан сәл бозарып алған да,
жылап жатыр, жылап жатыр бар маңда.
Жапырақтар желмен ұшып, сырғиды,
Сарғаяды сағынышқа толғанда.
⠀
Дүниеге жаңа белгi, сыр ашып,
Күз де келдi аңдып басып, қыр асып.
Жылы жақтан келген құстың қайтадан
жылы жаққа кетуiне ұласып.
⠀
Ескендір ТАСБОЛАТ