Альдегидтер мен кетондарға анықтама беріңдер Альдегидтерді өндірісте алу көздерін атаңдар



Дата10.02.2022
өлшемі19,57 Kb.
#131381
Байланысты:
12ed3b1c-753d-4369-b988-b6c1f9740d49
химия 10 класс 2, Алғыс айту күні тәрбие сағаты

Чек парағы

Білу

  1. Альдегидтер мен кетондарға анықтама беріңдер

  2. Альдегидтерді өндірісте алу көздерін атаңдар

Түсіну

1. Карбонилді қосылыстар нешеге бөлінеді?
А. 4 В. 3 С. 2
2. Альдегидтерге қосылатын жалғау
А. -аль В. -ен С. -иль
3. Альдегидтер мен кетондардағы топ
А. карбоксил В. Карбонил С. гидроксил
4. Альдегидтерде изомерлену нешінші С-н басталады? 
А. 3 В.4 С. 5
5. Бутанальдің неше изомері бар?
А. 3 В. 4 С. 5
6. Карбонил тобындағы Сатомының гибридтенуі 
А. sp3 В. sp2 С. sp
7. Кучеров реакциясыбойынша альдегид қай заттан алынады? 
А.метаннан В. ацетиленнен С. спирттен
8.Құмырсқа альдегиді
А. газ В.сұйық С. қатты
9.Альдегидтерді анықтау үшін қолданылатын реактив?
А.Ag2O B HС. CuO
10.Ацетон қандай зат?
А.тез тұтанғыш газ В.тез тұтанғыш қатты зат С.тез тұтанғыш сұйық



Қолдану, Талдау

1. Берілген екіатомды спирттердің:
а) этандиол-1,2, ә) пропандиол-1,2, б) пропандиол-1,3 құрылым формулаларын жазыңдар.
2. Мына қосылыстардың қүрылым формулаларын жазыңдар:
1) этанол;2) пропантриол-1,2,3;3) 2,3-диметилгексантриол-1,3,5;4) З-этилпентандиол-1,2;
5) 3,4-диметилгександиол-2,5.

Синтездеу,Бағалау

1Есеп.Этиленнің 33,6 литрін (қ.ж) гидраттағанда этил спиртінің қандай массасы түзілетінін есептеңдер.
Дескриптор:

  1. Реакция теңдеуін жазады.

  2. Зат мөлшерін табады.

  3. Түзілген спирттің массасын есептейді.

2 Есеп.Масасы 9 кг глюкозаны спирттік ашыту арқылы қанша
литр этанол алуға болады? Этанолдың тығыздығы 0,789 кг/м3
Дескриптор:

  1. Реакция теңдеуін жазады.

  2. Зат мөлшерін және массасын табады.

  3. Түзілген спирттің көлемін анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет