Александр бек



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата21.05.2022
өлшемі4,5 Mb.
#144437
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 5190762500303361851

Мекемтас Мырзахметұлы,
профессор, 
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Халықаралық «Түркі əлеміне қызмет» 
сыйлығының иегері.
 


Волоколамск тас жолы
10
Волоколамск тас жолы
Роман
«Егер адам әлдебір төтенше оқиғаны, мәселен, гүлденіп 
тұрған елдімекенді жермен-жексен қылған жанартаудың 
атылуын, езілген халықтың құдіретті билеушіге қарсы 
көтерілуін немесе Отан жеріне сұрқия, адуын дұшпанның 
баса-көктеп кіргенін көзімен көрсе – осының бәрін қағазға 
түсіруге міндетті. Ал егер ол сөзді қамыс қалам ұшымен 
бейнелеу өнерін игермеген болса, онда оның өз естелігін 
айтылған дүниені немере-шөберелеріне ғибрат етіп қалдыруы 
үшін кәнігі хатшыға баяндап бергені жөн».
В.Ян. «Шыңғысхан»


11
«Волоколамск тас жолы»
«Волоколамск тас жолы»
Мен Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабын екі 
рет оқыдым. Бірінші мәрте соғыс кезінде, ал екінші рет – одан 
он жылдан кейін. Кітапты ұмытпаумен қатар, оны оқу кезінде-
гі бастан кешкен сезімді айрықша есте сақтау сирек кездеседі. 
Бірінші жолы ғана емес, екінші мәрте де. Мен сол әсерді есіме 
жақсы сақтаппын. Бұл кітапты алғаш рет оқығанда мірдің оғын-
дай дәлдігі мен керемет түсініктілігіне қайран қалдым. 
Ол кезде әскери тілші едім, сондықтан соғысты білемін деп 
ойлайтынмын. Майдан кезеңіне дейін Бектің атын естімеппін, 
соғыс кезіндегі тағдырынан да бейхабармын, ал мына кітапты 
оқып біткен сәтте мұны соғыс тақырыбын менен гөрі тереңірек 
те дәлірек білетін және майдангерді ағынан жарыла сөйлете ала-
тын адамның жазғанын қызыға да қызғана сезіндім, ал мұндай 
шеберлік сөз болып отырған істің нәзік қалтарыстарын әлгі кісі-
ден кем білмейтін жанның ғана қолынан келетінін амалсыз мой-
ындайды екенсің. 
Ал бұл іс – соғыс еді.
Бектің кітабын екінші мәрте оқығанда майдан жылдарындағы 
әдебиетіміз үшін кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Сол тұста 
соғыс кезеңіне қатысты көптеген кітаптар мен жинақтарды қай-
талап оқуға кіріскен едім, оның ішінде өз шығармаларым да бар. 
Қан майдан кезінде осынау әскери тақырыпты қаншалықты терең 
игергенімізді тексергім келген. Мен өзіме де, өзгелерге де уақыт 
өте келе туындайтын қисынды сенімсіздікпен қараған едім. 
Қуанышқа қарай, жалпы алғанда, бұл күдігім бекер болып 
шықты. Қалай дегенмен, біз майдан кезінде соғыс туралы қанша-
ма шындықты жазыппыз, әрине, соның арасында кейде өтірік те 
ұшырасып қалды, әсіресе, ақиқатты жасыру жәйттері жиірек еді. 
Ал біздің бәріміз жазған соғыс шындығының ішінде Бектің 
«Волоколамск тас толы» кітабы шындығының шоқтығы биік 


Волоколамск тас жолы
12
тұрды. Және екінші рет оқығанымда бұл кітап маған бұрынғы-
дан да қымбат көрінген. 
Әсіре бояудан ада, айқын, нақты, көпсөзділігі жоқ еңбек. Мұн-
да артық ештеңе кездеспейді, тіпті ештеңені ойша да түзеткің 
келмейді. Бұл өз ісін жетік білетін шебердің батыл қолымен, ал-
дындағы қиын міндеттен тайсалмайтын, дарынды, шыншыл су-
реткердің қолымен жазылған нағыз соғыс-тын. 
«Волоколамск тас жолы» соғыс жайындағы менің сүйікті 
кітаптарымның бірі еді, әлі де солай болып келеді. Әмбе менің 
әдеби талғамыма қарамастан, жалпы, бұл біздің әдебиетіміздегі 
соғыс туралы ең үздік кітаптардың бірі екендігіне бек сенімдімін. 
Алайда осы еңбек өз елімізбен қатар бүкіл әлемге кең тараға-
нымен, әлі күнге дейін лайықты бағасын ала қойған жоқ. 
К.Симонов
1963 ж.


13
Фамилиясы жоқ адам
Á³ð³íø³ õèêàÿò
Фамилиясы жоқ адам


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет