110
кетiп, уақытың зая болады дегендi айтады. Сондықтан адамды ал-
дымен танып, содан кейiн алыс-берiс, қарым-қатынас жасау тиiмдi
деп ойлайды. Орынды сөз айта білуді адамның асыл қасиетіне
жатқызады.
Қазақ отбасында бiрнеше ұрпақ арасындағы қарым-қатынастық
өмiр сүрудің бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүрi қалыптасқан.
Оны ел аузында аңыз болған мынадай мысалдан көруге болады:
«Маңдай терiменен тапқан еңбекақысын үшке бөлiп отырған бiр
кiсiден бұл өз еңбекақың емес пе, оны неге үшке бөлiп отырсың
деп сұрағанда, ол: «Бiр бөлiгiн қарызымды өтеу үшiн, екiншi
бөлiгiн қарызға беру үшiн бөлiп отырмын, ал сонда үшiншi бөлiгi
ғана өзiмдiкi болады»,
– деп жауап берген екен. Мұнда әрбiр қазақ
отбасындағы ата-ананы асырап бағу парызын өтеу мен балалары-
на жақсы тәрбие беру арқылы олардың нәтижесiн көру дәстүрiнiң
өзара тамаша сабақтастық тапқандығына куә боламыз.
Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрлері мен ондағы
сенім, түсініктерінің мәні ислам дінінің қабылдануына дейінгі
халықтың наным-сенімдерінің бүгінге дейін сақталғандығынан
дерек береді. Олар бір мезгілде қабаттаса қолданылып, бірін-бірі
толықтыра түседі. Мұсылман діні, басқа халықтар секілді, қазақтарда
да ислам дінінің әдет-ғұрыптары пайда болғанға дейінгі жергілікті
діни әдет-ғұрыптармен астасып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: