Тұжырым: 1. Жеке адам әлеуметтендiру процесiнiң объектiсi әрi субъектiсi ретiнде көрiнедi. Нақтырақ айтқанда, жеке адам- ды қоғамның бүгiнгi талаптарына сай бейiмдеп тәрбиелеуде адам әлеуметтендiрудiң объектiсi ретiнде қарастырылса, өзiнiң қоғаммен тығыз байланысы арқылы бiртiндеп қоғамға енуi және оның мiнез-құлық ережелерiнiң қалыптасуы әлеуметтендiру процесiнiң субъектiсi ретiнде көрiнедi. 2. Жеке адамның дамуы қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес. Олай болса жеке адам бойындағы кемшiлiктер мен ауытқулар да қоғам ықпалынан туындайды. 3. Жеке адамды әлеуметтендiрудегі тәрбие үрдісінде әлеуметтендірудің: мего, макро, мезо және микрофакторлары әсер етедi. 4. Жеке адамның қалыптасуындағы кездесетiн ауытқулар жеке дара кездесуi мүмкiн емес. Олар: әлеуметтiк ауытқу, психикалық ауытқу, дене жағынан ауытқу және педагогикалық ауытқулар болып мiндеттi түрде бір-бiрiмен байланыста дами- ды. 5. Бүгiнгi күнгi педагогика ғылымында тәрбие ұғымының мәнi мен мазмұны әлеуметтендiру түсiнiгiнiң қоғамдық мәнiмен пара- пар анағұрлым ауқымды қолданылып келедi. Өйткенi баланы жан- жақты тәрбиелеу түсiнiгiнiң өзi оны сол баланың өмiр сүретiн қоғамының азаматы етiп бейiмдеумен, яғни әлеуметтендiрумен тiкелей байланыста жүзеге асырылмақ. 6. Діни ұстанымдар мен сенімдер баланы қоғамға ену мен қоғамда дұрыс өмір сүруге бейімдеудің негізгі құралы ретінде қызмет атқарады. 7. Діни еңбектердегі тәрбие ұстанымдары ғылыми педагогика теориясы мен практикасында ұсынылатын тұлғаны қоғам тала- бына сай қалыптастыру талаптарын толықтыра түседі және өзара сабақтасып байланысады. 8. Діни еңбектердің мазмұнындағы тұлғаны өз қоғамында
118
өмір сүру талаптарына байланысты ұсыныстарды отбасындағы, мектептегі тәрбие үрдісінде пайдалану әлеуметтендіру үрдісін тиімді ұйымдастыруға септігін тигізеді.