Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет50/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Отбасыларының бiрiншi типi
– мұнда отбасы мүшелерi ара-
сында жоғары әлеуметтiк бағдарланған өзара келiсiмдi, түсiнiстiкке 
негiзделген гармониялы қарым-қатынас орнаған. Отбасындағы 
қарым-қатынас қоғамдық принциптерге сәйкес келiп, қоғамдық 
тәрбие саласындағы мақсат пен мiндеттерге жауап бередi. Бала-
лар тәрбиесiнде қоғамдық-саяси мотивация, мақсатқа бағыттылық, 
жүйелiлiк, баланы тәрбиелеудегi мақсат пен әрекет мазмұндарын 
нақты түсiнушiлiк басым болады.
Отбасыларының екiншi типi
– отбасында жоғары әлеуметтiк 
бағыттылықпен реттелген компромистiк қарым-қатынас орнатылған. 
Мұндай отбасылары ондағы тұлғаға әлеуметтiк тәжiрибенi


135
да дұрыс қалыптастыруға қажеттi жағдайлардың бар болуымен, 
оның қоғамдық маңызды бағыттылығымен сипатталады. Онда
қарым-қатынас реттелген, бiрақ психологиялық атмосфераның
қолайсыздығы кейде көрiнiс берiп отырады. Ол шыдамдылықтың 
жеткiлiксiздiгiнен, ата-аналардың бiрiнiң тәрбиедегi кемшiлiк 
жiберуiнен пайда болады, дегенмен ондай отбасыларында екiншi 
ата-ана тарапынан жұмсақтық пен шыдамдылық, яғни кеңшiлiк 
таныту негiзiнде отбасындағы тәрбие мен психологиялық кли-
мат реттелiп отырады. Бұл балаларға деген қарым-қатынаста
бiрқатар алшақтық туғызып отырады. Мұндай отбасыларын-
да перспективалық мақсаттар айқындалған, бiрақ оны шешудегi 
әрекеттер барысында әртүрлi жағдайлар бой көрсетiп отырады. Де-
генмен нәтижесiнде тәрбие дұрыс көрсеткiш бередi.
Отбасыларының үшiншi типi
– қарым-қатынас тұрақты емес, 
бiрақ, жалпы алғанда әлеуметтiк бағдар жоғары. Мұндай отбасы-
лары оң және терiс отбасылық қарым-қатынас аралығында болады. 
Кикiлжiң болмаған кезде мұндай отбасыларында өзара сыйластық, 
сенiм басым болып, өмiр сүру дәстүрi сипаты жағынан бiрiншi 
және екiншi типтi отбасыларына жақын келедi.
Отбасыларының төртiншi типi
– мұндай отбасыларында 
қарым-қатынас төменгi әлеуметтiк бағыттылықпен реттелген. 
Мұндай типтi отбасыларының әрекетiне мещандық, пасықтық
тән. Бұл отбасыларындағы адамдардың өзара қарым-қатынасында 
қамқорлық, бiр-бiрiне деген жылы қатынас болғанымен, өзгеге 
дегенде қатаң есеппен қарым-қатынас жасау мен суықтық басым 
болады. Мұндай отбасыларында тәрбие алған балалардың өмiрдегi 
құндылық бағдары қармап қалу, жеке басының пайдасын ғана 
көздеу болып табылады.
Отбасыларының бесiншi тип
i – мұндай отбасыларындағы қарым-
қатынас сырттай қарағанда бәрi тамаша қолайлы болып көрiнгенмен, 
iштей ол отбасыларындағы адамдар қарым-қатынасының әлеуметтiк 
бағдары өзара қайшы келiп жатады. Кейде мұндай отбасыларындағы 
ынтымақты қарым-қатынас өзара келiсiм бойынша немесе ерлi-
зайыптылардың бiрiне көз жеткiзуiне байланысты (балалар тәрбиесi 
үшiн қалай да отбасын сақтап қалудың қажеттiгiн түсiндiру), кейде 
белгiлi бiр себептермен қорқыту арқылы орнатылып отырылады. 
Ата-аналар балалары алдында жиi ұрсуы мен бiр-бiрiн балағаттауы 
арқылы беделiн түсiредi. Балалар тәрбиесi мен қамқорлығы көбiнде 


136
отбасындағы әйелге жүктеледi. Ал отбасындағы көңiл күй - 
сенiмсiздiкке алып келедi.
Отбасыларының алтыншы типi
– мұндай отбасыларына үнемi 
кикiлжiңдi төменгi және қайшылықты әлеуметтiк бағытталған 
қарым-қатынас тән. Жиi кикiлжiңнiң болу себебi 
– отбасы 
мүшелерiнiң психологиялық сәйкессiздiгi, ерлi-зайыптылардың 
бiреуiнiң, тiптi кейде екеуiнiң де iшiмдiкке салынуы. Бұл отбасылар-
да бiр-бiрiне деген сыйластықтың жоқтығы, сенiмсiздiк, дөрекiлiк, 
балағаттау әрекеттерi басым болады. Отбасындағы негативтi 
жағдайлар мұндағы балалар тәрбиесiне терiс әсерiн тиiзiп отырады.
Бүгiнгi қоғамның талабы берiк отбасыларының болуын, 
онда болашақ ұрпақ тәрбиесiнде жұмыла қызмет атқаратын 
ұжымдық бастамаларды керек етедi. Екi жас тұлғаның неке одағы 
негiзiнен олардың тұлғалық қасиеттерiне және өмiрдегi құндылық 
бағдарларына байланысты болып келедi.
Отбасының рухани тiршiлiгiндегi негiзгi функциясы бала 
тәрбиесi болып табылады. Отбасылық және қоғамдық тәрбие бiр-
бiрiмен өте тығыз байланысты, олар бiрiн-бiрi толықтырады. Де-
генмен отбасы тәрбиесi басқа тәрбие институттарындағы тәрбиеге 
қарағанда анағұрлым эмоционалды, өйткенi оның негiзiнде өз 
кезегiнде балалардың ата-анаға деген сүйiспеншiлiгiн туғызатын
ата-ананың балаға деген сүйiспеншiлiгi жатыр.
Бәрiмiзге белгiлi соңғы кездерi көпшiлiк отбасыларындағы 
бiрлiк- береке ондағы өзара түсiнiстiк пен достық қарым-қатынасқа 
негiзделген отбасының болуын қалайды. Осындай отбасыларында 
ғана ерлi-зайыптылар мен отбасы мүшелерiнiң тұлғалық қажетiн
қанағаттандыру толық және мазмұнды болмақ (сезiмдiк жылылық, 
өзара түсiнiстiк пен өзара көмектесуде өзiнiң отбасы мүшелерi үшiн 
қаншалықты қажеттiлiгi мен тұлғалық құндылығын сезiнуi және 
т.б.). Дәл осындай отбасыларындағы ересектер мен жасөспiрiмдерде
әлеуметтендiру институты ретiндегi отбасына бауырбасушылық пен
тұлғалық қасиеттердiң маңызды ерекшелiктерi қалыптасады. Отба-
сы iшiндегi ересектер мен балалар арасындағы өзара түсiнiстiкке 
негiзделген қарым-қатынас өз бетiнше қатынас жасау формасын 
қамтиды. Бұл кезде өзара қарым-қатынас қатынас жасаудың
әртүрлi қырларын қамтиды: ой алмасу, сезiмнiң пайда болуы, сенiм 
мен сыйластық, ықылас пен қамқорлық, жауапкершiлiк пен достық, 
бiрлескен жұмыстар мен қызығушлықтың ортақтығы және т.б. 
Осындай қарым-қатынас процесi барысында өзара әрекет пен өзара


137
ықпал ықпал ету жүзеге асырылады. Үлкендi сыйлау, адалдық, 
сүйiспеншiлiк секiлдi сезiмдер ата-ана тарапынан отбасында ғана 
негiзi қаланып, үйретiледi. Егер бала отбасында өзiнiң «жақсы» неме-
се «жаман» екендiгiне қарамастан шектен тыс мол сүйiспеншiлiкке 
ие болса, онда ата-аналар тарапынан болған махаббат балада өзiндiк 
«мен» құндылық сезiмiн қалыптастырады. Олар сол отбасында, сол
ата-анасымен өмiр сүретiндiгiн мақтаныш тұтады, тiптi жолдастары-
на ата-анасы туралы мақтанышпен әңгiме айтып, өзi де өскенде дәл 
солардай болуды армандайтын болады. Балалардың ересектермен 
эмоционалдық контакт жасауға деген қажетi туа пайда болмайды, ол
өсе келе ересектермен қарым-қатынас жасау барысында әлеуметтiк
жолмен бiртiндеп қалыптасады. Балалар мен ересектердiң мұндай 
қарым-қатынасы тек олар арасында өзара ортақ қызығушылығы 
мен өзара рухани жақындығы болғанда ғана қанағаттандырылады.
Егер балалар мен ересектер арасында мұндай қарым-қатынас 
бейтарап, елеусiз өтетiн болса, бала өскенде өз құрдастарымен, 
көпшiлiкпен немесе қоршаған ортамен қарым-қатынаста көптеген 
қиыншылықтарға кездесiп отырады. Қарым-қатынаста баланың 
қажетiн дұрыс таңдай бiлудiң маңызы ерекше. Бала нақты бiр адам-
мен қарым-қатынас жасауға қаншалықты қызығушылық танытса, 
ол соншалықты дәрежеде барлық қарым-қатынас құралдарын пай-
далана отырып өзiнiң қарым-қатынастағы қажетiн өтеуге тырысып 
бағады.
Қарым-қатынас қажетiн өтеуде, әсiресе, баланың тұлғалық 
мотивi қарым-қатынастың жетекшi себебi болып табылады. Дәл 
осы кезеңде баланың өзiне-өзi баға беру қабiлетi қарқынды дами-
ды, ол өзгелер әрекетiне де баға беруге қабiлеттi болады. Нәтижеде 
өзара түсiнiстiк пен эмоционалдық тұрғыдан өзгелерге мейірленуге 
алып келетiн адамгершiлiктiк тәжiрибе қалыптаса бастайды.
Қарым-қатынас объектiсi өзгередi: балалар үшiн аса маңызды нәрсе 
өз құрбыларымен, кейiннен ересектермен қарым-қатынасқа түсу бо-
лып табылады. Ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасауы 
әртүрлi болуы мүмкiн: егер олар арасында бай рухани байланыс 
болса, қарым-қатынас елеусiз бiр кезеңнен екiншi кезеңге ешқандай 
кикiлжiңсiз өтедi. Мұндай ортадағы қарым-қатынаста, яғни ата-
аналар балаларына үлкен қамқорлық жасап, үнемi олардың сабақ 
үлгерiмi мен бағаларын қадағалайды, уақтылы тамақтануы мен де-
малуын ұйымдастырады, олар қалай киiнiп жүр, ол да ата-аналар-
ды ойландырады, кенеттен олар өз балаларының есейiп кеткендiгiн


138
байқайды, балалардың қызығушылығының тiптен басқа екендiгiн 
түсiнедi.
Баланың қарым-қатынастағы қажетi қашан да мейiрiмдiлiктi, 
эмоционалдық жылылық пен ата-ананың махаббатын керек етедi. 
Сонда да болса, кез келген сүйiспеншiлiк шамадан тыс көп болмағаны 
дұрыс, әйтпесе ол өзiнiң қарама-қайшы ықпалын көрсетедi.
Кейбiр отбасыларында ата-аналар балаларын өте ерекше 
мейiрiмдiлiкпен өсiретiндiгi де байқалады. Олар баланың әрбiр 
сәтiнде оны қаншалықты жақсы көретiндiгiн есiне салып отыра-
ды. Мұндай ұшан-теңiз мейiрiмдiлiк ортасында өскен бала өсе келе 
өзiмшiл, қоршаған ортадағы адамдардың бәрi оған аса бiр ерекше 
iлтипатпен қарым-қатынас жасауы керек секiлдi қабылдайды. Он-
дай отбасында өскен балалар ересек шағында өздерi де отбасын 
құрғанда отбасының алғашқы сәтсiздiктерiне шыдай алмай ата-ана-
ларына қайта оралып жатады. 
Осы тұста кеңес педагогі В. А. Сухомлинский былай деген бо-
латын: «Бала отбасындағы мейірімділіктің аздығынан ғана зардап 
шекпейді, оның ұшан-теңіз молдығынан да зардап шегеді. Отбасын-
да мейірімділікті аз көрген бала өскенде тұйық, жасық, өзіне сенімсіз, 
қорқақ болып өседі, ал мейірімділікті шексіз молынан көрген бала 
өзімшіл, тәкаппар, жалқау, эгоист болып өседі». Сондықтан тәрбиеде 
мейірімділік те өз мөлшерінде берілгені дұрыс. 
Ғалымдар А. И. Захарованың зерттеулерiне жүгiнсек, ата-аналар 
тарапынан болатын шектен тыс мол махаббат, яғни жиi-жиi құшақтап 
қысып сүю, ерiннен сүю, балалармен төсекте бiрге жату, ваннада 
олардың шомылуына көмектесу және т.б. балалардың сексуалдық 
дамуын бұзады. Мұндай қарым-қатынаста өскен балаларда алдағы 
уақытта эротикалық бағыттылық ерекше байқалуы мүмкiн немесе 
керiсiнше, қарама-қарсы жынысқа деген бейтараптық пайда болуы 
мүмкiн.
Мұндай қарым-қатынас түбiнде балаларда ата-аналардың 
махаббатына деген екiжүздiлiк қарым-қатынастың пайда бо-
луына алып келедi: олар бiр мезгiлде олардық сүйiспеншiлiгiн 
қабылдайды да және қабылдамайды да. Бала ата-анасының тыным-
сыз сүйiспеншiлiгiне жауап беруге мәжбүр, нәтижеде балада шектен 
тыс эмоционалдық сезiм дамиды да, ата-ана махаббатына қарсы 
әрекеттер көрсете бастайды, яғни жылайды, табандылық танытып 
айтқан пiкiрiнен қайтпайды, мiнезi өте жайсыз бола бастайды және 
т.б. Мұндай балаларға өзiнiң қайталанбас даралығын жоғалту үлкен


139
қауiп болып көрiнедi. Олар өскенде терiс таңдауда өте талапшаң, 
өз сезiмдерiн бiлдiруге асықпайтын, өз сүйiктiлерiмен қарым-
қатынаста бiршама қиыншылық туындататын болып келедi.
Балаларға қатаң сүйiспеншiлiк талаптары негiзiнде қарым-
қатынас жасайтын да отбасылары кездеседi. Ондай отбасындағы 
балалар аймалау мен еркелету секiлдi сүйiспеншiлiктi ата-аналар 
көңiлiнен шыққанда ғана алып отырады. Егер ата-аналар сенiмi 
ақталмай қалса, онда оларда қобалжу мен әрекетiн терiстеу өрши 
түседi. Мұндай отбасыларында баланың жеке басының құндылығы 
тiптен назарға алынбайды. Ата-ананың балаға деген махабба-
ты қарама-қайшылық, тұрақсыздық сипатқа ие. Мұндай отбасы-
ларында өскен балаларда адамдарға немесе өз баласына деген 
сүйiспеншiлiгiн бiлдiруге қарсы, сезiмiн жасырын ұстайтын болады 
немесе махаббаты тұрақсыз сипатқа ие болады.
Кейбір отбасыларында балаларға деген сүйiспеншiлiк ерке-
лету, қолдау көрсету, жылы сөздерді жиі айту арқылы көрініс та-
уып отырмайды. Көбiнесе мұндай отбасыларындағы ата-аналар 
эмоционалдық салқындылықпен, алшақтықпен, субардинацияны 
сақтау әрекетімен ерекшеленедi. Оларды жақсы көруге қабiлетсiз 
деп айтуға болмайды, әйтсе де, балаға мейірімділікті ашық түрде 
беру керектігіне аса мән бере бермейдi. Отбасында баланың дүниеге 
келуi ата-аналардың өмiрлiк маңызды мақсаты мен позицияларын 
iске асыруда кедергi жасайды деп түсiнедi, оны ата-аналық сезiмiнен 
жоғары қояды. Кейде ата-аналар ұл орнына қыз бала туылды деп 
балаға суық, бейтарап, ықылассыз қарайды. Мұндай жағдайда ба-
лада өзiн керексiз, артықша сезiну көзқарасы қалыптасады. Үлкен 
отбасыларында өскен балалар жалғыз өскен балаларға қарағанда 
өмiрге елеулi дайындықпен кiредi. Олар өздерiнiң ағалары мен 
қарындастары арасында бiр-бiрiне көмектесiп, ойын кезiнде 
туындаған қарама-қайшылықтарды бiрiгiп шешiп үйренген. Деген-
мен мұндағы бiр мәселе, отбасындағы балалар санының көптiгiне 
сәйкес ата-ана олардың бәрiне бiрдей қамқорлық пен сүйiспеншiлiк 
көрсете алмайтындығында. Балалардың әлеуметтiк тәжiрибесiнiң 
аздығынан және әрқайсысының ата-ана махаббатына мұқтаждығына 
байланысты олар арасында қызғаныш сезiмi пайда болуы мүмкiн. 
Бұл проблемаларды шешу ата-аналардың өздерiне тиесiлi. Егер ата-
аналар балаларымен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастырып, әрбiр 
баланың қарым-қатынастағы жеке қажетiн қанағаттандыра алмаса, 
онда отбасындағы тәрбие терiс көрсеткiштерiн бередi. Сондықтан


140
отбасында әрбiр баланың дара ерекшелiгi мен қажетiн ескере оты-
рып, онымен жеке қатынас жасау қажет. Өйткенi балалық кезде
алған үлкен толқу мен тарығу оның бүкiл өмiрiнiң барысында өз iзiн 
қалдырып отырады. Ондай жағдайда балада тұтас тұлғалық даму, 
яғни әлеуметтiк және психологиялық жетiлу кешеуiлдейдi. Мұндай 
балалар өскенде бөгде адамдардың оған деген ыстық ықыласы үшiн
ризашылығын бiлдiредi, олар өте ұяң, ұялшақ, өзiне сенiмсiз, сәттi 
отбасын құру олар үшiн қиын болып көрінеді.
Ата-аналық сүйiспеншiлiктiң адамның өзiн-өзi құрметтеуi мен 
өзiндiк жетiстiгi сезiмiнiң қалыптасуында және оны берiк етуде 
аса үлкен маңызға ие. Өйткенi бақытты, ынтымағы берiк отбасынан 
шыққан балалар өскенде өздерiнiң де осындай толыққанды отбасын 
құруға мүмкiндiгi жоғары болады.
Отбасын басқарудың либералдық жүйесiнде ата-аналар 
балалардың барлық сұранысын қанағаттандырып отырады. Мұндай 
отбасыларында қандай жағдайда не iстеу керек деген сұраққа ата-
аналар орнына балалары шешiм қабылдап отырады.
Қатаң талап негiзiнде басқарылатын отбасыларындағы балалардың 
дамуында өзiндiк «Мен» түсiнiгiнiң қалыптасуы кешеуiлдеп дами-
ды. Мұндай отбасында өскен балалар психикасы мен мiнез-құлық 
нормалары шектен тыс жасанды жолмен қалыптастырылған талап-
тар мен формаларға бағындырылады. Нәтижеде ата-аналар балалар 
тәрбиесiнде интеллектуалдық тұрғыдан жоғары жетiстiкке жетуi 
мүмкiн, бiрақ бұл кезде бала тұлғасының ерiктiк-адамгершiлiктiк 
қалыптасуы зардап шегедi. Тiптi, мұндай отбасындағы балалар 
өскенде өз бетiнше шешiм қабылдай алмаушылығымен, өзiне-
өзiнiң төмен баға берушiлiгiмен, ерiксiздiгiмен, қарым-қатынастағы 
төменгi мүмкiндiгiмен, ұялшақтығымен ерекшеленедi.
Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және 
отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, 
ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-
құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз 
қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы 
баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi.
Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк 
ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес 
отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң ор-
нын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың 
толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. 


141
Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана 
баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. 
Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық 
позицияны ұстанады. Бұл өз кезегінде әйел адамға да бірқатар 
ауыртпалықтар тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет