Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет58/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

1-тенденция. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы


154
Нарықтық қатынас жағдайында жеке тұлғаның қалыптасуында 
отбасының жаңа тұрғыдағы рөлі айқындалып келеді. Ол – отбасының 
әлеуметтік рөлі. Бүгінгі отбасы нарық талаптарын мойындап, қоғам 
ағынымен өмір сүруге бейімделе бастады. Нарықтық қатынас 
кезеңінде отбасына қатысты жана экономикалық ұғымдар пайда бо-
лып қолданылуда. 
Бүгінгі әрбір отбасының материалдық, экономикалық жағдайы 
ең алдымен табыс табу мәселесінің шешілуімен байланысты бо-
лып отыр. Әлеуметтік жағдайы жақсы отбасыларындағы балалар 
жоғары сапалы ақылы мектептерде білім алып, өнер, спорт және 
басқа тәрбие институттарында тәрбие алуға мүмкіндік алды. Отба-
сы тәрбиесі мен балалар болашағын жоспарлау, ең алдымен әрбір 
отбасының әлеуметтік жағдайына қарай жүзеге асады.
2-тенденция. Тәрбиенің индустриялылығы тенденциясы, яғни 
бүгінгі қоғам өміріндегі өндірістік қатынастардың жан-жақты 
дамып, отбасы өміріне ықпал жасауы
Қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты мектеп пен от-
басы тәрбиесі өзгеріске түсті. Қазіргі өзіміз ғұмыр кешіп отырған 
қоғамның балаларына қарасақ тіптен өзгеше, оларды тәрбиелеу 
күрделі. Өйткені қазіргі компьютерлендіру заманында олардың ала-
тын ақпарат көлемі бұрынғыдан да көп. Соған байланысты, балаға 
тәрбие беруші адамдардың білімі, тәжірибесі барған сайын үлкен 
жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар, әрбір отбасы қоғамда 
пайда болған өндіріс құралдарын пайдалануға мүмкіндік алды. Оған 
әрбір отбасында компьютердің пайда болуы, жоғары сапалы фотоап-
параттар мен бейнекамералар, интернет желісін пайдалану және т.б. 
құралдардың күнделікті тұрмыста қолданылуы дәлел бола алады. 
Бұл үрдіс «қоғам- мектеп-отбасы» бағытымен жүзеге асуда.
Бүгінгі күнгі отбасында тәрбиеленіп жатқан балалар өзгешелігі 
– олар дарынды да алғыр. Тіпті жаңа туған балалардың өзінен 
ерекшелік байқауға болады. Бұрын балаларда туыла сала көз тоқтату 
ерекшелігі байқалмайтын. Қазіргі балалардың көпшілігі, туыла са-
лысымен көз тоқтатып қарайды, тіпті дыбысты естиді. Бұрын ба-
лалар үш айлығында күлетін болса, қазір екі айлығында күледі. 
Осындай құбылыстарды байқасақ та байыпты, сабақтасты мән бере 
бермейміз.
Бүгінгі күні ғалымдарды қызықтырып жүрген мәселе «Индиго 
балалар» ұғымының мәні. Бұл туралы ғалымдар: Индиго балалар –
жаңа заманның символы іспеттес. «Индиго» – қанық көк түс деген 


155
ұғымды береді. Жаңа санадағы осы балалардың денесінен бөлінген 
күш пен шашылған сәуле (аура) осындай көк түсті. Сондықтан «ин-
диго балалар» деп аталады. Бұл балалар көпшілігі ақыл-ой, дарын 
мен талант иелері. Көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, 
қазір 12-14 жасқа дейінгі балалардың 90%-ы Индиго тобына жата-
тын балалар. Қазіргі психология үшін әдеттен тыс құбылыс сана-
лып келген бұл балалар бір атаумен аталғанымен, іс-әрекеттері мен 
мінез-құлқының сипаттамалары алуан түрлі. Олар мынадай:
– өзінің басқалардан ерекше екендігіне күмәнданбайды;
– таңдауын айтуға ұялмайды және өз әрекетін түсіндіріп жатпай-
ды;
– әдеттегі көпке ортақ талаптарды орындағысы келмейді, шыда-
мы жетпейді (кезекте тұру, т.б.);
– оның шығармашылығына қатты қысым жасай бастасаңыз 
әрекетінен жаңылыса бастайды;
– өзінің басқаша мүмкіндігінің бар екендігін біледі және соған 
сенеді;
– 3-4 жастағы балаға компьютермен жұмыс істеу сәті түссе, оны 
меңгеріп кетеді;
– үлкендер тарапынан жиі көңіл бөлінбесе тұйықталып қалады;
– тәртіп бұзғандығы үшін айыптаулар мен ескертпелерге көңіл 
аудармайды.
Индиго балалардың – гуманистер, концептуалистер, суретшілер, 
барлық жағынан ерекше өмір сүрушілер деп аталатын төрт түрі 
белгілі. Міне, осындай балалармен жүргізілетін жұмыстар да, 
әдіс-тәсілдер де бүгінде ерекше, әрі жаңаша болуға тиіс. Олай бол-
са, мұғалімдер осындай балалармен тәрбие жұмысын жүргізуге 
қаншалықты дайын? Ата-аналар туралы тіпті айтудың қажеті жоқ. 
Енді осындай ерекше балалармен жұмыс істеу мен тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастыру, ата-аналарға қандай да бір кеңес беру 
оңай емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет