167
ар-намысын, беделін сақтаушысы, отбасының айнасы дәрежесіне
жеткізетінін байқамай да қалады.
Отбасында балалар мен ересектер де тәрбиеленеді. Әсіресе,
отбасының ықпалы ондағы жасөспірімдерге ерекше әсер етеді.
Сондықтан отбасының тәрбие берушілік қызметі үш аспектіден
тұрады.
Бірінші – баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығушы-
лығы
мен қабілетін дамыту, отбасындағы ересектердің (ата-әже,
ата-ана, аға-әпке) өмірлік тәжірибелері арқылы жүзеге асырылады.
Олар: өмірге ғылыми көзқарас, еңбекке деген жоғары адамгершілікті
қарым-қатынас, достық пен бауырмашылдық сезімін ояту, қоғамдық
мінез-құлық талаптарын сақтай білу, интеллекттік, эстетикалық да-
муды дене жағынан дамумен ұштастыру, денсаулығын сақтау мен
санитарлық-гигиеналық білімін жетілдіру секілді қоғамнан алған
өмірлік тәжірибелері болуы мүмкін.
Өкінішке орай, бүгінгі зерттеулер жас отбасыларының 50-70%-ға
жуығы ата-аналарынан бөлек жеке тұрғысы келетіндігін айтатынын
көрсетті. Бұл отбасындағы тәрбиенің ұйымдастырылуына екіжақты
ықпал етеді. Біріншіден, жас отау иелері ерте өз бетінше өмір сүруге
бейімделсе, екіншіден, отбасындағы ұрпақтар сабақтастығы үзіледі.
Отбасындағы ересектер немере қызығынан шектеліп, жас отбасы-
лары бала күтімі мен отбасы өмірін дәстүрлі тұрғыда ұйымдастыру
бойынша көмек алудан шектеледі. Шын мәнісінде халқымызда
отбасы тәрбиесі ұрпақтар сабақтастығы
негізінде жалғасын туып
келген. «Қариясы бардың қазынасы бар» деп ұққан халқымыз ере-
сектер кеңесіне мұқтаж болған. Жас отау иелерін отбасылық қарым-
қатынас пен бала күтіміне байланысты әртүрлі дәстүрлер мен
талаптарға үйретіп отырған. Тіпті болмағанда отбасылық өмірге
баулып, кейіннен еншісін беріп бөлек шығарған.
Сондай-ақ, қазақ
отбасы тәрбиесі бір шаңырақтың астында өмір сүретін бірнеше
ұрпақтың өзара ынтымақтастығы негізінде ұйымдастырылатын та-
маша ұрпақтар сабақтастығы арқылы жүзеге асырылып отырған.
Екінші – үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымының
үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы.
Үшінші – отбасындағы балалардың үнемі ересектердің өздерін-
өздері белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер
етуі.
Бұл қызметтің нәтижелі жүзеге асуы отбасының тәрбиелік
мүмкіндігіне байланысты болады. Ол
отбасының педагогикалық
168
мүмкіндігін анықтайтын шарттар мен құралдардың біртұтас
жиынтығынан тұрады. Бұл жиынтық отбасының құрылымы мен са-
нын, материалдық және тұрмыстық жағдайын, отбасы ұжымының
дамуы мен ондағы мүшелердің қарым-қатынас жасау сипатын
байланыстырады. Ол ата-аналардың идеялық-адамгершіліктік,
психологиялық көңіл-күйін және еңбек ету жағдайын,
өмірлік
тәжірибесі мен білімін, мамандыққа байланысты қасиетін қамтиды.
Әсіресе, отбасындағы дәстүрлер, әке мен шешенің жеке басының
өнегесі үлкен мәнге ие. Отбасындағы қарым-қатынас сипатын және
айналадағылармен қарым-қатынасты, ересектердің педагогикалық
мәдениетінің деңгейін, олар арасындағы тәрбиелік іс-шаралардың
өзара бөлісуін, мектеп пен отбасының және қоғаммен байланысын
ескеру қажет.
Басты және маңызды компонент –
отбасы тәрбиесінің өзіндік
ерекшелігі. Адам өмірге келгеннен бастап өмірінің соңына дейін
отбасының ықпалын сезінеді. Демек отбасы тәрбиесіне бірізділік
пен үздіксіздік тән екен. Мұнымен ешқандай тәрбиелік қоғамдық
институттар тең келуі мүмкін емес.
Әрине, отбасының балалар өмірінің әртүрлі кезеңдеріндегі әсер
етуі бірдей емес. Өмірдің өзі мектеп жасына дейінгі баланы және
мектеп оқушысын отбасында көп нәрсеге үйретеді. Отбасындағы
тәрбие ата-ананың балаға деген махабаты мен баланың әке-шешесіне
деген сүйіспеншілігінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Ол тәрбиенің
кез келген басқа түріне қарағанда сипаты жағынан ерекше. Отбасы
әртүрлі жастағы адамдарды жынысына, қызығушылығына қарамай
біріктіреді. Бұл балада өзінің көңіл күйін
және интеллектуалдық
мүмкіндіктерін қалыптастыруға жағдай туғызады.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің ерекшелігі –
оның тұрақтылығында. Негізі баланы тәрбиелеу мақсатында жас-
тай, мектеп жасына дейінгі кезеңде жасалған дұрыс қарым-қатынас
кейіннен, тіпті ол мектепке барғанда оқуына, еңбекке араласқанда
өз нәтижесін көрсетеді. Ал керісінше, ата-ана тарапынан баланың
жас кезінде оның тәрбиесіне дұрыс көңіл белінбесе, ол оқығанда
да кері нәтижесін көрсетеді. Отбасы баланың рухани мәдениетінің
дамуына, жеке басының әлеуметтік бағыт алуына, мінез-құлқының
түрткілеріне әсер етеді. Қоғам мен отбасы баланың өмір сүру
жоспарының қалыптасуына әсер ететін негізгі фактор болып қалады.
Қоғамдық ережелер ең адымен отбасында қабылданып, мойын-
далады. Қоғамның бағалы мәдениеті де отбасында қолданылып,
169
жүзеге асырылады. Сондай-ақ, басқа адамдарды түсініп қабылдау
олар туралы бір пікірге келу де отбасында қалыптасады. Ол
отбасының
Достарыңызбен бөлісу: